Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНАЛАР ҮНІ»
27
ақпан
2021

«ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНАЛАР ҮНІ»

Бүгін 27 ақпан күні Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектепте 10, 11 сынып ата-аналарына арналған екінші «Директормен байланыс» атты онлайн-кездесу өтті.

Онлайн-кездесудің негізгі мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кезіндегі ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің, құқық бұзушылықтардың алдын-алу және білім алушылардың қорытынды аттестаттау ережелерімен таныстыру, сыбайлас жемқорлықпен күресуге қарсы іс-қимыл заңының орындалуы бойынша мектепте ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрықпен таныстыру.

Онлайн-кездесудің күн тәртібі негізінде Бостандық ауданы ПБ ЖПБ ЮПБ полиция майоры Нургалиева Айгерім Маратовна жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кезіндегі ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің, құқық бұзушылықтардың алдын-алу мәселелерін шешу туралы заң шеңберінде ата-аналарға кеңес берді.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша, бітіруші сыныптардың қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.01.2021 жылғы №5-18-2/347-И хаты негізінде білім алушылардың қорытынды аттестаттау ережелерімен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ербошаев Ермек Бақытбекұлы таныстырып өтті.

Бұл «Директорлық сенбі - ата-аналар үні» атты жиналысы жоғары сынып ата-аналарына ұйымдастырылғандықтан және барлық сұрақтарына ақпарат беру үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тестілеу орталығының жетекшісі Құмғанбаев Жандос Жұмалбекұлын жиналысқа арнайы қатыстырылды. Жандос Жұмалбекұлы ҰБТ мәселесі бойынша оқушылардан да, ата-аналар тарапынан да қойылатын көптеген түйінделген сұрақтарына толыққанды ақпарат берді. Наурыз айында болатын ақылы, сынақ ҰБТ тәртібін және сәуір-маусым айлары аралығында болатын негізгі ҰБТ кезеңдерінің ережесіне тоқталып өтті.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі: Сыбайлас жемқорлықпен күресуге қарсы іс-қимыл заңының орындалу тәртібі.

Сыбайлас жемқорлық дерті елімізде орын алып отырған жалпы проблемалардың негізі. Сыбайлас жемқорлықпен күресті отбасынан, жас ұрпақтың қоғамда қалыптасып келе жатқан институттарынан бастамасақ бұл дерт Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына қауіп төндіруі мүмкін.

Осыған байланысты онлайн-кездесуде «Мектепте ақша жинауға тыйым салу туралы» бұйрықпен таныстыру және де басқа да мектепке байланысты жалпы түйінделген мәселелер бойынша мектеп директоры Сарбагысов Асқар Темірханұлы өзінің баяндамасында «Мектепте ақша жинауға тыйым салу туралы» бұйрығы негізінде ата-аналарға сыбайлас жемқорлықпен күресуге қарсы іс-қимыл заңының орындалуы тәртібі туралы баяндап өтті.

Сенбілік онлайн-кездесуге мектеп әкімшілігі, Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының» аға әдіскері Беристемова Банухан Тамиевна, жоғары сыныптардың сынып жетекшілері, сонымен қатар 50 жуық ата-ана қатысты. Жиналыс барысында бірнеше ата-ана инспектордың ескертпелері негізінде балаларын бақылауда ұстайтындығын, шылым шегу т.б заң бұзушылықтар әрекетке бармайтындығы туралы жалпылама айтып өтті.ҰБТ сұрақтары бойынша тестілеу орталығының жетекшісі Құмғанбаев Жандос Жұмалбекұлы ата-аналарды мазалап жүрген сұрақтарға толыққанды ақпарат бергендіктен, ата-аналардан артық сұрақтар болмады. Ата-аналар өздерін толғандырып жүрген барлық сұрақтарына жан-жақты жауаптар алғандықтан өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Онлайн-кездесу нәтижелі, жемісті өтті.

 

 

№40ЖББ мектеп директорының оқу ісі жөнідегі орынбасары

Ербошаев Ермек Бақытбекұлы.