Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мамандықты таңдау оңай ма!» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі»
14
наурыз
2017

«Мамандықты таңдау оңай ма!» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі»

Еліміздің өз тәуелсіздігін жарияланғаннан бастап алғашқы күннен мықтап қолға алған маңызды шаралардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Президент Н.Ә.Назарбаев бұл кеселді дертті болдырмаудың амалын қарастыру, оны түп тамырымен жою жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсыныстар айтқан болатын. Осы тақырып бойынша ой бөлісу мақсатында наурыздың 14 күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №40 жалпы білім беретін мектебінде «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын жүзеге асыру және жергілікті жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Мамандықты таңдау оңай ма!» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі» атты тақырыбында 8-10 сынып оқушыларымен кездесу өтті. 

Шараның мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық жәнек оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту және болашақ жастардың құқықтық санасын, моральдық мінез-құлқын қалыптастыру, мемлекет заңдарын білуге және құрметтеуге үйрету, құқық бұзушылықтың алдын-алу, азаматтық жауапкершілікті күшейту. 

Аталған шараға Алматы қаласы ҚР Ішкі істер министірлігі академиясының жалпы құқықтық білім беру кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры, заң ғылымдарының докторы Утегенов Чингиз Қуанышбекұлы, Алматы қаласы №4 қалалық емхананың балалар психологі Нұрылдаева Жазира Манасбековна және «Жаңа ұрпақ» республикалық көшбасшылар мектебінің жоба жетекшісі Күмісқалиев Алмас Темірболатұлы қатысты. Алматы қаласы ҚР Ішкі істер министірлігі академиясының жалпы құқықтық білім беру кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры, заң ғылымдарының докторы Утегенов Чингиз Қуанышбекұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарын түсіндіру, жастарды жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруға шақыру мақсатында кеңес беріп, жемқорлық жайлы ойларымен, оның алдын қалай алу жолдары туралы пікірлерімен бөлісіп, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауаптар берді. №4 қалалық емхананың психологі Нұрылдаева Жазира Манасбековна кездесу барысында «Мамандықты таңдау оңай ма!» тақырыбы бойынша, оқушыларға мектеп бітірген соң жоғарғы оқу орнына түсерде бірінші өзінің қалауымен сосын ата-анасының кеңесіне ден қойып мамандық таңдау туралы кеңес берді. Еліміздегі бүгінгі таңда қандай мамандар жетіспейтіндігі туралы мәлімет берді. Кездесу барысында сұрақ-жауап алмасып, оқушылар тарабынан 10 сынып оқушысы Сұраубай Заңғар өздерінің үлкен дара жолдарында үлкен табыстарға жеткен, өз кәсіптерінің шебер мамандары өмірлік тәжірибесімен бөлісуге келген қонақтарымызға сұрақ қойып, белсенді қатысып отырды. Осы кездесу барысында өзін белсенді көрсеткен үшін, ойын ашық ортаға жеткізе білгені үшін «Жаңа ұрпақ» республикалық көшбасшылар мектебінің жоба жетекшісі Күмісқалиев Алмас Темірболатұлы мектептің президенті Сұраубай Заңғарға арнайы өздерінің фирмалық футболкасын табыс етті. Қорыта айтқанда, бүгінгі кездесу жоғарғы сынып оқушыларының болашақта мамандықты дұрыс таңдау арқылы қоғамдағы жемқорлықтың жойылуына септігін тигізер шара болды.


Орын:Ербошаев Е.Б.