Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Аралбаев Сәкен Жаппарұлымен кездесу
02
маусым
2024

Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Аралбаев Сәкен Жаппарұлымен кездесу

Бала бақыты - болашақ кепілі!
 31.05.2024 күні №40 жалпы білім беретін мектепте Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Аралбаев Сәкен Жаппарұлымен кездесу өтті. Кездесуге мектептің үздік оқушылары мен  республикалық, қалалық, аудандық сайыстарда жүлделі орын алған оқушылары және Қонаев университетінің профессорлары, Бостандық ауданының білім бөілімінің басшысы Қасымбек Айгуль Жумабековна  қатысты. Кездесуді өткізудің басты мақсаты: 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Аралбаев Сәкен Жаппарұлымен кездесуде мектеп оқушыларының жеткен жетістіктері жайлы, оларды оқытқан ұстаздары туралы мектебіміздің жасөспірім оқушыларымен пікірлесіп, сұхбаттасу, болашаққа жол сілтеу.
 Кездесудің барысы бойынша  алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Бейсембаева Бибигуль Адигуловнаға берілді. Бибигуль Адигуловна қонақтарды мектеп өмірімен таныстырып, жыл бойы жасалған оқу тәрбие жұмыстарына шолу жасады.  Мектебіміздің шәкірттері күй орындап, өз өнерлерін көрсетті. Сәкен Жаппарұлы оқушыларға өзінің мектептегі өткен өмірімен, қызықты сәттерімен бөлісті. Шәкірттерге қанатты сөздерімен қолдау білдіріп, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай арнайы тілегін білдірді.Оқушылар қонақтарға көкейлерінде жүрген  сұрақтарды қойып, сұрақтарына тиімді жауап алды. 
  Қонаев университетінен келген ұстаздар, мектебіміздің оқушыларына арнайы викториналық сұрақтар қойды. Мектеп оқушылары сұрақтарға таласа жауап беріп, арнайы сыйлықтар табысталды. 
  Болашағымыз айқын болсын десек, балаларымызға қазақы тәрбие беруге міндеттіміз. Қазақтың салт- дәстүрін, ұстанымын бойына сіңдіруіміз керек. Өз тілін құрметтейтін жас буыннан, Елі үшін күресетін азамат шығары сөзсіз. “ Болар баланың бетін қақпа, белін бу” – деген екен. Егер бала бір істі бастауға құлшынса онда барынша демеп, қолдау көрсеткеніміз жөн.  Осы орайда Абайдың мынадай сөзімен қысқа қайырғым келіп отыр. “ Ішінде кімнің от болса, қар жаусада сөнеме” .Талантты, дарынды бала өзі-ақ суырылып шығады. Көптің ішінен болар бала көрініп тұрады. Мектебімізден шыққан дарынды балаларға күш-жігер, ақыл-кеңес беру мақсатында өткізген жиынымыз болашаққа дұрыс жол сілтей алды деп ойлаймыз!