оқушылармен кездесу
№40жалпыбілімберетінмектепте"Мектеп,ата-анажәнеқұқыққорғауоргандарыныңбала тәрбиесіндегірөлі"
аттыдөңгелекүстелөтті.
20 ақпан күні№40 жалпы білім беретін мектептеАлматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі Батталханова Гүльзат Болысбековна, аудандықІІБ ЮПБ ЖПҚ бөлімініңинспекторы полиция капитаны Ракимжанова Гүлшат Кеңесқызымен және мектеп әкімшілігімен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында ата-аналармен кездесіп, әңгімелер өткізді.
Аталмыш іс-шараға мектепдиректоры бастаған мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілерімен ата-аналар комитетінің белсенді мүшелері қатысты.
Дөңгелек үстел аясында жоғарыда аталған қызметкерлер жасалған және жасалып жатқан жұмыстарды талқылады. Шара барысында баланың құқықтарын қорғау және балалармен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтарды ескерту жұмыстарын жүзеге асыру, құқықбұзушыларға қажетті профилактикалық әсер етуді қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды. Басты мақсат – жасөспірімдерге қатысты көкейтесті сұрақтарды ортаға салып, тәжірибе алмасу арқылы туындаған жағдайдан шығар жолтабу. Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша сөзді мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қасымова Фариза Сапархановна алды. Фариза Сапархановна «Мектеп өмірінің проблемалық мәселелерін ата-аналармен бірлесе шешу» тақырыбында баяндама жасап, мектеп қабырғасында бүгінгі күні өткізіліп жатқан және болашаққа жоспарланған іс-шаралар туралы мәлімет берді.Оқу жылының басынан іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілгені жайындағы ақпараттыфото және бейнематериалдар арқылы көрсетті.