Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жеке құрамды эвакуацияландыру және жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет»
02
наурыз
2020

«Жеке құрамды эвакуацияландыру және жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет»

Бүгін наурыз айының 2 күні №40, 145 жалпы білім беретін мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерінің жетекшілігімен «Жеке құрамды эвакуацияландыру және жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» атты тақырыбында төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шараларын алдын алу бойынша іс-шара өтті. Бұл іс-шараға екі мектептің оқушылары, мұғалімдері, сондай-ақ өзгеде мектеп қызметкерлері жұмылдырылды.  Сағат 12.00-де басталған іс-шараға – 500 оқушы, 46 мұғалім, 8 техқызметкерлері қатысты. Имитациялық алғашқы көмек көрсету мектепішілік штабтық санитарлық пост командасының күшімен іске асырылды.
Жеке құрамды толығымен эвакуациялау 1,30 минут 30 секунд ішінде іске асырылды. Жеке құрам негізгі есік, қосалқы есіктер арқылы шығып, мектеп аумағынан 50 – 60 м қашықтықта орналасқан спорт алаңына сап түзеді. Жер сілкінісі кезіндегі туғызған кемшіліктерді анықтап, штабтық-команда бірлесе әрекет етумен имитациялық құтқару сәті жүргізілді. Жеке құрамнан жапа шеккендер болған жоқ. Азаматтық қорғанысқа жауапты мектеп АӘД мұғалімдері мектепте орын алған жағдайды қос мектептің директорларына баяндап, құтқару мен алғашқы көмек көрсетуге ат салысқан командаға алғыс білдірді.




№40 ЖББ мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ербошаев

Похожие публикации:

23 қыркүйек 2019 «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ!»