Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТЖБ МЕН БЖБ-ДАН БАС ТАРТПАЙМЫЗ, БІРАҚ ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЛАДЫ – АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ АТА-АНАЛАРДЫҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ
28
сәуір
2020

ТЖБ МЕН БЖБ-ДАН БАС ТАРТПАЙМЫЗ, БІРАҚ ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЛАДЫ – АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ АТА-АНАЛАРДЫҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

 ТЖБ МЕН БЖБ-ДАН БАС ТАРТПАЙМЫЗ, БІРАҚ ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЛАДЫ – АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ АТА-АНАЛАРДЫҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ



ТЖ режиміне байланысты 9 және 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы өткізілмейтіндіктен, елімізде БЖБ мен ТЖБ-ны да алып тастау туралы сөз қозғалды. Бүгін @Tengrinewskz Instagram-дағы парақшасында жүргізілген тікелей эфирде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту, ҰБТ-ны өткізу туралы айтып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

Бір аптадан кейін еліміздің мектептерінде БЖБ мен ТЖБ-лар өткізіледі. Бұл тақырып пабликтерде, әлеуметтік желілерде де белсенді талқыланып жатыр. Тіпті, бүгінгі тікелей эфирдің өзінде осы тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақ қойылды. Оларға еліміздің бас педагогі БЖБ мен ТЖБ-дан бас тартпайтындығын, алайда кейбір өзгерістер енгізілетіндігін айтты.

«Біз жақында 9 және 11-сыныптарда білім алушылардың қорытынды аттестаттауын алып тастау туралы шешім қабылдадық. Осыған байланысты қазір жоо-ларға қатысты, БЖБ мен ТЖБ бойынша мәселелер көтеріліп жатыр.
11-сынып жөнінде бәрі түсінікті. Біз халықаралық тәжірибемен таныстық әрі он бірінші сынып оқушыларына ҰБТ тапсыруға тура келетінін ескердік, сондай-ақ IV тоқсанның бағдарламасы көбінесе өткен пәндерді қайталауға бағытталғанын ескере отырып, жылдық бағаны алғашқы үш тоқсанның қорытындысы бойынша қою туралы шешім қабылданды. Енді БЖБ мен ТЖБ-ға келетін болсақ, біз басынан бастап бөлім үшін жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау міндетті түрде болатыны туралы айттық. Бұл жерде біршама жеңілдіктің жасалуы – басқа әңгіме», - деп мәлімдеді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, министр екі және одан да көп сағат бойы 2-3 БЖБ тапсырылған пәндердің саны бөлімдерге байланысты өзгергеріп отырғанын да айтты. Бұл ретте ведомства оқушылар тек бір ғана БЖБ мен ТЖБ тапсырсын деген шешім қабылдады. Ол да жүктемені азайтатындығын атап өткен жөн. Он бірінші сынып оқушыларына келетін болсақ, оларға қатысты ерекше өзгерістер байқалмайды, өйткені, олар білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқымайды.

«Он бірінші сынып оқушыларының жылдық бағасы алғашқы үш тоқсанның бағалары негізінде қойылады. Қазіргі уақытта жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын 1-10-сынып оқушыларына қатысты айтар болсақ, бұл - 1 БЖБ мен 1 ТЖБ. Бұл жерде барлық пәндер бойынша БЖБ мен ТЖБ болмайтынын екерген дұрыс. Сынақтан өтті немесе сынақтан өткен жоқ деп бағаланатын пәндер де бар. Сол пәндер бойынша олардың 50%-ына бір сағаттан артық бөлінбеген, ТЖБ тапсырмайды, тек бір БЖБ ғана тапсырады», - деп түсіндірді ведомства басшысы.

Сонымен қатар, бастауыш сыныптар бойынша әдістемелік ұсынымдар жасалды. Егер бұрын 1-4 сынып оқушыларына БЖБ тапсырған кезде 20 минут, ал ТЖБ тапсырғанда 40 минут берілсе, енді бұл талап жойылды. Бұл жағдайда бастауыш сынып оқушыларына мұғалімнің немесе ата-анасының көмегі қажет болатындығы ескерілді. Министр, сондай-ақ, дайын жауаптарды көшіріп алудан түк шықпайтынын, себебі жылдық бағаны қорытқан кезде алғашқы үш тоқсан ескерілетінін атап өтті.

«Балалар баға үшін емес, білім алу үшін оқиды. Бағалау жүйесі диагностика қызметін көбірек атқарады, яғни, бұл ең алдымен, балалар мен ата-аналарына, сондай-ақ, мектеп пен мұғалімге баланың қай деңгейде және қандай түзету жұмыстарын жүргізу қажет екенін көру үшін керек. Сондықтан, егер балалар БЖБ мен ТЖБ-ны көшіріп тапсырса да, оның пайдасы шамалы, өйткені, баға IV тоқсанның қорытындысы бойынша жоғары болса да, кез келген жағдайда жылдық баға барлық тоқсанның жалпы бағалары бойынша шығарылады. Көшіріп алу немесе өзі орындау - баланың немесе ата-ананың мәселесі», - деді ҚР Білім және ғылым министрі.

Мектеп бітірушілерге келетін болсақ, министр соңғы қоңыраудан үміт үзбеуге шақырды. Ведомства өкілдері он бірінші сынып оқушыларына мектеппен қоштасуға мүмкіндік болады деп пайымдап отыр.

«Егер жағдайдың жақсарғанын және науқастар санының азайып, ал карантин режимі алынғанын байқасақ, онда маусым айының ортасына қарай салтанатты түрде аттестат тапсырылатын мектеп бітіру кеші өткізіледі. Елімізде бәрі жақсы болса,ол шаралардың бәрі біріктіріледі. Оның ішіне соңғы қоңырау, аттестат тапсыру, мектеп вальсі, мектеппен қоштасу кіретін болады, үміттеріңізді үзбеңіздер. Біз мұның әсерлі сәт екенін білеміз және түсінеміз. Карантиндік шаралар жеңілдетіледі немесе алынып тасталады деген үміттеміз», - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.