Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
01
сәуір
2020

ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ

 ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ:
қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) психологиялық қолдау көрсету бойынша ұсыныстар әзірлейді;
білім алушылармен, ата-аналармен (заңды өкілдерімен) онлайн-кеңес өткізеді;
онлайн ойындар өткізеді.
СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ:
ата-аналарды (заңды өкілдерді) қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту процесі туралы, кестедегі өзгерістер туралы, білім алушыларға кері байланыс беру туралы, оқу барысы мен оқу нәтижелері туралы, білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы хабардар етеді;
электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесінде білім алушылар мен олардың ата-аналарының сұхбаттарын, форумдарын жасайды және kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz сондай-ақ, Whatsapp, Telegram және т. б. пайдаланады;
білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) күнделікті байланысты жүзеге асырады;
жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мектеп әкімшілігін хабардар етеді;
пән мұғалімдеріне, педагог-психологқа өз сыныбындағы білім алушылардың байланыс мәліметтері бар (үй телефоны, ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) тізімін ұсынады;
өз сыныбындағы білім алушылардың электрондық күнделіктерінің және электрондық пошталарының тіркелуін қамтамасыз етеді.
ПӘН МҰҒАЛІМІ:
электрондық журналдарда және күнделіктерде күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды реттейді;
веб-сайттарға, электрондық кітапханаларға және т. б. сілтемелерді қолдана отырып, оқу материалдарын жоспарлау мен құрылымдауды уақытында жүзеге асырады;
жүргізілетін жұмыс түрлерін басшының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен келіседі;
жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (бейне сабақтар, өзіндік жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференциялар мен форумдар және т.б.), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (скайп, телесабақ, электрондық пошта, WhatsApp және Telegram чат, Zoom, Moodle және т. б.) қолданады;
электрондық журналдар мен күнделіктерді пайдалана отырып, жүргізілетін жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушыларға, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) дер кезінде жеткізеді;
бекітілген оқу кестесіне сәйкес сабақ өткізеді;
білім алушының өзіндік жұмысына бақылау жасайды, кері байланыс жүргізеді;
үй тапсырмасы көлемінің нормаларына сәйкес үй тапсырмасын ұсынады;
мұғалім мен оқушы үшін қолжетімді кез келген тәсілмен (электрондық журналдар мен күнделіктер, месенджерлер, бұлтты технологиялар және т. б.) сабақта орындалған тапсырмаларды жинауды жүзеге асырады;
білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға жеке консультациялар өткізеді;
мұғалім мен оқушы үшін қол жетімді кез келген тәсілмен (электрондық журналдар мен күнделіктер, WhatsApp чаттар, ұялы және стационарлық телефон байланысы арқылы немесе интернет болмаған жағдайда әкімшілікпен анықталған педагогтер, пошта байланысы операторлары арқылы) сабаққа орындалған тапсырмаларды жинауды жүзеге асырады;
жүргізілген жұмыс пен және оның нәтижелері бойынша әкімшілікті хабардар етеді.
Пән мұғалімі электронды журналдың платформасында келесі бөлімдерді уақытында толтырады:
әр ТД-телесабақтан/аудиосабақтан/вебинардан/өз сабағынан кейін үй тапсырмасы (оқулықтан тапсырмалар және ресурстарға сілтемелер);
тапсырмаларды орындау бойынша ұсыныстарымен файлдарды бекіту;
үй тапсырмасын орындау бойынша кері байланыс, сабаққа түсініктеме жиынтық жұмыстардың нәтижелерін толтыру (бар болса);
білім алушы бейне конференцияда болмаған немесе электрондық журнал платформасында белгіленген мерзімде тапсырманы орындамаған жағдайда сабақ рұқсаттамасын қою.
Дене шынықтыру, Өзін-өзі тану, Көркем еңбек, Музыка, Бастапқы әскери және технологиялық дайындық, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері, Графика және жобалау бойынша бейнеконтент әзірлейді және сабақтарды қашықтықтан жүргізеді:
білім алушылардың үйде орындауы үшін физикалық және саптық жаттығулар кешенін әзірлейді (Дене шынықтыру, Алғашқы әскери және технологиялық дайындық);
қолөнер бұйымдарын, макеттер және т. б. жасау бойынша нұсқаулықтар әзірлейді (Көркем еңбек, Графика және жобалау);
жобалық жұмыстар бойынша ұсыныстар (Өзін-өзі тану, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері);
тыңдайтын музыкалық шығармалардың тізімін ұсынады (Музыка);
онлайн режимінде тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
онлайн сабақтар мен іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсетеді.
 
оқу үшін жағдай жасайды;
жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;
білім алушылардың үй тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен байланыста болады.