Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-9 ҚЫРКҮЙЕК 2018 ЖЫЛ 21 ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНАЛАРДЫҢ «ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ №40 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІ
08
қыркүйек
2018

8-9 ҚЫРКҮЙЕК 2018 ЖЫЛ 21 ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНАЛАРДЫҢ «ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ №40 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі мен «Нұр Отан» партиясының аппаратының тапсырмасымен Отбасылық Тәрбиелеу Институтының арнайы жобасымен 2018 жылдың 8-9 қыркүйек күндері сағат 10:00 – де Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында Қазақстан Республикасының «Отбасы күніне» арналған «21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологиялық көмек» және 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына аудандық Республика көлеміндегі  ата-аналар Конференциясы  өтті.

Конференциядағы Отбасылық Тәрбиелеу Институтының арнайы жобасымен әзірленген арнайы «Отбасы күніне» арналған «21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы түсіндірмелі видеолар жиынтығы, жиынға қатысып отырған ата-аналарға көп ой берді.

Бірінші кезекте, Отбасы күнін Қазақстанда мерекелеу неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамда имандылықты және руханилықты нығайтуға негізделген.

Бүгінде демографиялық саясаттың әуелгі факторы ретінде отбасылық құндылықтарды халық санасына сіңіру –  басты мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.

Осы шараға қатысып отырған Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектептің директоры Сарбагысов Асқар Темірханұлы қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау арқылы өскелең ұрпақтын ата-аналарына, балаларын отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу мәселелеріне зор назарын аударуына кеңес берді.

Аталмыш «Өз балаңа үлгі бол» атты тақырыбындағы Конференсияға 117 астам ата аналар, сынып жетекшілер  қатысты. 



Орын. Ербошаев Е.Б.