10
қаңтар
2024
Зейнеп Ахметова апайымызбен кездесу
2024 жылдың қаңтар айының 10-жұлдызында ауданымыздағы #40 жалпы білім беретін мектептің ұжымы халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні, Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова апайымызбен кездесу өткізді. Бұл кешке Зейнеп апайымыз көмекшісі Айгүл ханыммен бірге келген болатын. Кездесуге мектеп оқушылары, ата-аналар, мектептің ардагер ұстаздары мен мектеп мұғалімдері және Бостандық ауданыны білім бөлімінің басшысы Айгүл Жұмабекқызы мен куратор РОО Жібек Алпамысқызы қатысты.
“Ел анасы” атанған Зейнеп Ахметова апайымызды ұлттық киімдегі мектеп оқушылары қарсы алып, гүл шоқтарын табыстады.
“Ел анасы” атанған Зейнеп Ахметова апайымызды ұлттық киімдегі мектеп оқушылары қарсы алып, гүл шоқтарын табыстады.