Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АРДАГЕР АТАЛАРЫМ!
09
мамыр
2019

АРДАГЕР АТАЛАРЫМ!

         9-мамыр халқымыз үшін ұлы Жеңіс мейрамы болып табылатыны сөзсіз.
Отанымыздың бейбіт өмірі үшін қан майданда шайқасқан жауынгерлерімізді ешқашан ұмытпай құрмет көрсетуден шаршамаймыз.
Өмірден қайтқандардың естелігіне, қан майданда жеңіске жетіп, бізге тыныш өмір сыйлаған ардагерлеріміздің құрметіне мектеп қабырғасында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Осы орайда, жастардың отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, соғыс ардагерлеріне алғыс айту, құрмет білдіру мақсатында бүгін 8 мамыр күні Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының халықты әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің ұйытқы болуымен №40 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары мен



 оқушылары ауданымызда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбаниязов Бисенғали Айтжанұлымен кездесу ұйымдастырып, ардагерімізден сұхбат алды. Кездесуге барған ұстаздар мен оқушылар ардагерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, зор денсаулық, ашық аспан және бейбіт өмір тіледі. Бисенғали Айтжанұлы өзін іздеп келген жастарға қуанып, алғыс айтып, тәлімі мол әңгімесін айтып берді.
Бисенгали ата 1925 жылы 11 наурызда Ақтөбе өңірінде дүниеге келген екен. Мектепті бітіргенен кейін 17 жасында майданға аттанған атамыз соғыс бригадасының іріктеуінен кейін Батыс майданда Смольнидегі Калинин қаласында әскери борышын орындаған. 1944 жылдары Кольский жарты аралына Солтүстік майданға аттаныпты. Соғыс аяқталғаннан кейін Петрозаводск қаласында әскери қызметін аяқтаған соң елге 1950 жылы оралыпты.
Елге оралған Бисенгали Айтжанұлы, түрлі мемлекеттік қызметтерде, Кеңестік партия қызметінде де жұмыстар атқарған екен.
Бейбіт өмірде қол жеткізген Бисенгали Айтжанұлы бүгінде 4 бала тәрбиелеп, 5 немере, 7 шөбере сүйіп отырған ардақты ата.
Ардагер атамыз сұхбат барысында жастарға өзінің тілегін білдірді: «Жастар Отанды қорғауға, бейбіт өмірдің қадірін біліп, елдің игілігіне еңбек етуі керек. Бүгінгі өмір басқа, болашақ сендердің өмірлерің қалай болады білмеймін. Бірақ білімді болу керек, білім қай кезде де, алдыға шығарады. Алға ұмтылу қажет, ол үшін тек тәртіпті және ұқыпты болу керек», - деді ардагер.
Ардагеріміздің құрметіне орай мектебіміздің дарынды жас ақыны Мадияр өзінің жүрек жарды туындысын ардагерге арнап оқып берді:

Ардагер аталарым!
Соғыс тажал, қасіретті бастады.
Талай бала, балалықты тастады.
Аталары, батырларым жасасын
Соғыс отын, өшіріп-ақ тастаған.

Соғыс оты тұтанды-ау, қапыда.
Ардагерлер, тұрды әсер сапында.
Ұрандатып «Артымызда Москва!»
Аянбады, аянып олар қалсын ба!?

Ардагерлер, арландары Қазақтың.
Отанымды, дұшпандардан тазарттың.
Алғыс айтам Бисенғали атама!
Құттықтамай мына халық жата ма!?
Кездесу соңында мерекеге орай құттықтап келген белсенді жастарға ардагер ризашылығын білдіріп, батасын берді.




Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ербошаев Ермек Бақытбекұлы.