Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Айтыс – сөздің майданы»
14
ақпан
2020

«Айтыс – сөздің майданы»

  14 ақпан 2020 жылы Алматы қаласы, Бостандық аудандық білім бөлімінің қолдауымен, №40 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастыруымен №145 мектептің мәжіліс залында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Айтыс – сөздің майданы» тақырыбында аудандық деңгейде жас ақындар айтысы өтті.
Айтыс – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын қазақ ұлтының өнері. Ұрпақтан ұрпаққа, өткен заманнан бүгінгі заманға ұласып келе жатқан айтыс өнерін дәріптеп, сөз төркінін қадірлейтін, өнерлі халық екенімізді жастарға таныту мақсатында өткізілген аудандық жас ақындар айтысының маңызы өте зор.
Дәстүрлі айтыстың шымылдығын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дуйсенбаев Аманқос Урметович салтанатты түрде ашып, сөз сөйлеп, жас ақындарға сәттілік тіледі.
Жыр додасында сөз өнерінің інжу-маржанын ұтымды жеткізе білген ақындарға Бостандық ауданы білім бөлімінің әдіскері - Тасмаганбетова Бинегуль Кунтуқызы, «Қазақ газеттер» ЖШС менеджері, ақын, журналист - Нукарбан Бексултан Нұрланұлы, №81 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Берденова Канзада Абдуманаповна қазылық етті.
Бұл айтыста сөзден сөз тоқыған, сөздің маржанын аулаған жас ақындар Абай шығармашылығы мен ізгі жолын айтыс тақырыбына арқау етті.
Айтыстың қорытындысы бойынша І - орынды М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның жас ақыны Серік Елдос иеленсе, ІІ - орынды №138 гимназияның жас ақыны Шолпан Жолдасқызы қанжығасына байлады. Ал, осы айтыс өнеріне қызығушылық білдіріп, ақындық өнерін шыңдап жүрген үш сайыскерлеріміз Алпамыс Бауыржанға, Арман Ермаханұлына және Әсем Қурасбайға үшінші бұйырды.
Айтысқа белсене қатысқан жас ақындар және олардың өнерін шыңдау мақсатында, жастардың ақындық қасиеттерінің ұшталуына жол ашып жүрген ұстаздарыда Алматы қаласы, Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.А.Әбдіманапованың «Алғыс хатымен» марапатталды.


№40 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ербошаев Ермек