Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «МЕН – МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛАНЫМЫН!»
06
сәуір
2017

«МЕН – МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛАНЫМЫН!»

06 сәуір күні Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі ұйымдастыруымен "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру мақсатында тәрбие жоспарының (қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалармен кездесу) сұхбаты аясында кәсіпқой спортшы, панкратионнан үш дүркін әлем чемпионы, Азия құрлығының абсолютті чемпионы. Джиу-джитсудан 3-дан иегері. Қазіргі кезде жаттықтырушылық қызмет атқарып жүрген, және де, спортшы ғана емес әдебиет пен тарихты бір кісідей білетін, жыраулар мен би-шешендерді өз деңгейінде зерттеп жүрген, шәкірттеріне спорттық тәлім ғана емес, сонымен қатар қазақы мінез бен ұлттық қасиеттерді бойға сіңіріп жүрген ұлағатты жан Ардақ Назаровпен кездесу өткізді. Атақты спортшы өзінің өмірі және түрлі сайыстардағы жеңістері туралы айтты. Аталған кездесуге Ардақ ағасына ерген спорт тарландары, Еліміздің бүгінгі батырлары, жекпе-жек бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпазы -  Төлеген Ақылбеков, панкратион бойынша Азия чемпионы – Қазыбек Ашимов, жекпе-жек бойынша әлем чемпионы – Аңсар Дәулетбаев және осы осы атақтағы Аслан Тоқтарбаев қатысты. Аталған іс-шара жастарды салауатты өмір салтына шақыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану, пайдалы кеңес тыңдап, әлемге әйгілі спорт шеберінің жастармен өз тәжірибесін бөлісу мақсатын көздеді. Кездесу барысында Ардақ Назаров өскелең ұрпақты патриотизмге, жастарды спортпен айналысуға, елін сүюге шақырды. Сондай ақ, спорт жанкүйерлері өздерін қызықтырып жүрген көптеген сауалдарға жауап алды. Мектеп оқушылары жоғары қызығушылықтарын танытып, сұхбатқа белсенді қатысты және ағаларына домбырамен күй шертіп, ән айтып, өлең оқыды. Бүкіл әлем мойындаған чемпион осы спорт түріне қалай келді, қандай қиын кезеңдер өтті, жастар тәрбиесі, ер жігіттерге қандай қасиеттер тән болу керектігін айта отырып жастарды өз елінің патриоты болуға шақырды. Іс-шараға спортшылармен жүздесуге 150-ден астам оқушы, 17 ата-ана, мектептің 25 мұғалімі қатысты.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Ербошаев Ермек Бақытбекұлы