Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЖАЛЫНЫН ЖАСТЫҚ ШАРПЫҒАН»
20
ақпан
2019

«ЖАЛЫНЫН ЖАСТЫҚ ШАРПЫҒАН»

Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, 20 ақпан күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №29 балалар кітапханасының қолдауымен №40 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қасымова Фариза Сапарханқызының ұйымдастыруымен «Жалынын жастық шарпыған» атты кездесу кеші өтті. 

Бұл патриоттық тәрбие беретін іс-шараға Ауған соғысында борышын өтеп келген, жасаған ерліктеріне мастанбаған ардагер Нұрылдаев Манасбек Бисенгалиұлы, Рахимбеков Әбусейіт Шарипбекұлы ағаларымыз арнайы оқушылармен кездесуге шақырылды. Ауған соғысына елімізден 22000 адам қатысып, олардың 900-ге жуығы қаза тапса, 20 адамдай хабарсыз кетіпті. Шара барысында ерлік көрсеткен және елге оралмаған, өмірден өткен жауынгерлерге арнап бір минуттық еске алу үнсіздігі жарияланды. 

Осы қатыгез соғыстың қасіреті қанша адамзаттың жүрегін жараласа, сонша ер азаматтар елге табытпен оралған еді. Сол ер азаматтарымыздың бірінің соғыста жазған хатын мектебіміздің 10 «Ә» сынып оқушысы Тұрарбекова Маржан «Жауынгер хаты» (авторы М.Сергеев.) атты өлеңін барлық қатысып отырған оқушыларға, келген қонақтарға оқып берсе, дарынды домбырашы оқушыларымыз Бозанбай Мейірбек, Тоқтархан Әлішер өздерінің өнерлерін қонақтарға паш етіп, Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап берді. Өмірінің жастық шағын оқ пен от астында өткізіп, елге оралып, туған жерімен қауышқан нар тұлғалы майдангер ағаларымыздан сұхбат алу жас ұрпақ үшін үлкен өнеге. 

Оқ пен от астында ерлік көрсеткен батыр ағаларының құрметіне мектеп оқушылары Алан Аманбаев «Туған жер», Ынтықбай Бағдаулет «Мен қазақпын» әндерін шырқап, барлық қатысушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятып денелерін түршіктірді. Киелі шаңырақ, рухани азық беретін кітапхана қабырғасында өткен кездесу кеші, оқушылар үшін рухани бағдар беретін кеш болды. 

Бұл кездесу оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятып, Ауған соғысында опат болған батырлардың есімдерін қастерлеу үшін ұйымдастырылды. Кеш соңында мектеп қабырғасында 620-ға жуық оқушыға Тәрбие тұжырымдамасындағы барлық тәрбие бағыттары бойынша бағдар беріп жүрген Фариза Сапарханқызы Ауған жерінде қару асынып қиын кезеңде бірін-бірін жау алдынан қорғаған бүгінгі жастарға үлгі берер ағаларымызға уақыт тауып оқушылармен кездесуге келгендері үшін рахмет айтып, үлкен алғысын білдірді.



Алматы қаласы, Бостандық ауданы 

№40 жалпы білім беретін 

мектеп директорының тәрбие 

ісі жөніндегі орынбасары – Ербошаев Ермек Бақытбекұлы.