Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(727) 254-62-31
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(727) 254-62-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 12
"AUTUMN BALL - 2022" байқауы ұйымдастырылды
13
қазан
2022
"AUTUMN BALL - 2022" байқауы ұйымдастырылды
 13.10.2022ж №40 жалпы білім беретін мекптепте 8-10 сыныптар арасында "AUTUMN BALL -2022". Биылғы күзгі балл ерекше 19 ғасырдың киім үлгісі стилінде жасалынды. Барлық атсалысқан оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға алғысымызды білдіреміз! Қорытындылай келгенде бас жүлдені 9 "Б" сынып оқушылары Кенжебаев Марғұлан мен Серікқазы Мадина иеленді.  Сынып жетекшісі: Рысқұлбек Аруна Болатқызы  
"Бақыттың кілті еңбекте" сынып сағаты өтілді
12
қазан
2022
"Бақыттың кілті еңбекте" сынып сағаты өтілді
 Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысуымен №29 балалар кітапханасында "Бақыттың кілті еңбекте" тақырыбында сынып сағаты өтілді.
"Қазақ поэзиясының пырағы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
11
қазан
2022
"Қазақ поэзиясының пырағы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
  №40 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Қадыр Мырза Әли балалар жазушысы "Қазақ поэзиясының пырағы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 3-4 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Оқушылар жазушының өмірбаянынан керекті мағлұматтар алып, шығармасынан жасалған көрмемен танысты. Мақсаты: оқушыларға жазушының еңбектерін кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпаққа олардың өнегелі өмірі мен шығармаларын бойларына сіңіру арқылы олардың ұлылығын дәріптеу. 
"Қыз баланың ар тазалығы абыройы" тақырыбында қыздар жиналысы өтті
07
қазан
2022
"Қыз баланың ар тазалығы абыройы" тақырыбында қыздар жиналысы өтті
 07.10.2022ж 9-11 сыныптар араысында мектеп психологтары Еспенбетова И.И., Қабылбек А.Б. қыздар жиналысын өткізді.  Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік танытпауға тәрбиелеу.   
Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті
05
қазан
2022
Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті
    ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің  хаты негізінде және "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5 қазан күні №68 гимназияда аудан мектептері кітапханашылары және оқушылардың қатысуымен белгілі жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға қарымды қаламгер, қайраткер тұлға Ш.Мұртазаның өмірі мен шағармашылығын кеңінен таныстыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
"Ер азамат атына лайық бол!" мектепшілік ұлдар жиналысы
05
қазан
2022
"Ер азамат атына лайық бол!" мектепшілік ұлдар жиналысы
 №40 жалпы білім беретін мектептің 9-11 сынып арасында "Ер азамат атына лайық бол!" мектепшілік ұлдар жиналысы өтті. Мектеп психологтары Еспенбетова И.И., Қабылбек  А.Б "Темекіден аулақ бол!" тақырыбында пікірталас өткізіліп, әлеуметтік педагог Жумагалиева А.Қ "Тәртіпке бағынған құл болмас" тақырыбында баяндама оқыды.   
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы
05
қазан
2022
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы
 2022 жылдың 5 қазанында №68 мектеп кітапханасының оқу залында Бостандық ауданының бірнеше мектеп кітапханашыларының қатысуымен Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді.                                    
Шерхан Мұртазаға 90 жас
03
қазан
2022
Шерхан Мұртазаға 90 жас
   №40 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында "Көркем сөз шебері" атты кітап көрмесін және Шерхан Мұртазаға - 90 жас атты дөңгелек үстел өткізілді.  Мақсаты: Жазушының шығармаларына оқушылардың қызығушылығын арттыру. Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. 
"Ұстаз-ұлағатты есім.
30
қыркүйек
2022
"Ұстаз-ұлағатты есім.
  Ұстаз-ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан  ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
"Дублер күні"
29
қыркүйек
2022
"Дублер күні"
  Ұстаздар күні қарсаңында 29-30 қыркүйек күндері мектебімізде "Дублер күні" ұйымдастырылды. Мектебіміздің 9,10,11 сынып оқушылары атсалысты. 
"Самғау" БПҰ жиналысы өтті
28
қыркүйек
2022
"Самғау" БПҰ жиналысы өтті
   28.09.2022 жылы №40 жалпы білім беретін мектепте "Самғау" БПҰ жиналысы өтті. Саяси платформа жобасы "Аманат" партиясының бағдарламасын жақсарту, өпатрияішілік жұмыс процестері мен әдістерін жаңарту мәселелері талқыланды. Біз бағдарламамызды жаңарттық. Жаңа жас партия кадрлары мемлекет пен құрамның игілігі үшін белсенді жұмыс істеуде. Біз біртұтас, берік рухымыз бен мақсатты жетуге күш салар халқымызбен бірге жаңа, әділетті Қазақстан құрамыз.
"Қазақ тілі - ұлтымыздың жаны"
27
қыркүйек
2022
"Қазақ тілі - ұлтымыздың жаны"
   №40 жалпы білім беретін мектептің 5 "Б" сынып оқушыларымен "Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына" орай "Қазақ тілі- ұлтымыздың жаны" тақырыбында сынып сағаты өтілді.  Сынып жетекшісі: Зарқымова Айжан Мақияқызы
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы
26
қыркүйек
2022
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы
   №40 жалпы білім беретін мектептің 8 "Ә" сынып оқушыларымен "Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай "Қазақ тілі - ұлтымызыдың жаны" тақырыбында сынып сағаты өтілді.
"Тілімде менің байлығы жатыр ғаламның..."
23
қыркүйек
2022
"Тілімде менің байлығы жатыр ғаламның..."
   22 қыркүйек тілдер мерекесіне орай өткізілген "Тілімде менің байлығы жатыр ғаламның..." атты іс-шараның жабылу салтанаты.
Жанұям-қорғаным, ата-анам тірегім
22
қыркүйек
2022
Жанұям-қорғаным, ата-анам тірегім
   №40 жалпы білім беретін мектептің 2 "А" сынып оқушыларымен "Жанұям-қорғаным, ата-анам тірегім" тақырыбында өткен сынып сағатынан үзінді фотолар.