Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(727) 254-62-31
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(727) 254-62-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата заң – әр азаматтың айқын жолы
19
қараша
2025

Ата заң – әр азаматтың айқын жолы

Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғамдағы рөлін кеңінен түсіндіру, оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында «Ата заң – әр азаматтың айқын жолы» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шара мектептің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес өткізілді және оған 7–11 сынып оқушылары, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі қатысты.

Конституция – мемлекеттіліктің негізгі тірегі, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси жүйесін айқындайтын ең жоғары заң күші бар құжат. Ата заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, елдегі тәртіп пен тұрақтылықтың негізі болып табылады. Осы қағидаларды жас ұрпақтың санасына сіңіру – әрбір білім беру ұйымының басты міндеттерінің бірі.