22
қазан
2025
«Буккроссинг – бірге оқимыз»
Мектебіміздің кітапхана жанында тағы бір «Буккроссинг» сөресі ашылды. Осыған орай, «Буккроссинг – бірге оқимыз» атты акциясы өткізілді. «Буккроссинг» қазақшаға аударғанда «Кітап сыйлау» немесе «Кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Қазақстанда «Буккроссинг» акциясы 2005 жылдан бастау алған. «Буккроссинг» акциясына біздің мектептің ұстаздары мен оқушылары белсенді түрде қатысып, өз үлестерін қосып жатыр. Сондай -ақ, балалар өзінің оқыған қызықты кітаптарын «Буккроссинг» сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөлісті. Аталмыш алмасу акциясына оқушылар өздерінің қалаған кітаптарын алып келіп, орнына әкелген кітаптарын бір-бірімен алмасты.
Бұл акцияның негізгі мақсаты: мектеп кітапханасындағы кітап қорын молайту
Бұл акцияның негізгі мақсаты: мектеп кітапханасындағы кітап қорын молайту