Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(727) 254-62-31
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(727) 254-62-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күзгі салтанат: өнер, сән және әсемдік
24
қазан
2025

Күзгі салтанат: өнер, сән және әсемдік

«Күзгі балл» — оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, мәдени қарым-қатынасын және тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған жыл сайынғы мектеп дәстүрі болып табылады. Шара барысында оқушылар арасында түрлі номинациялар бойынша байқаулар, өнер көрсету бөлімдері, сәндік-қолөнер композициялары, күз тақырыбындағы көрме-бұрыштар және жұптық би бағдарламалары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мерекелік кештің мақсаты — оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, өзара сыйластық пен мәдени қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, мектеп өміріне деген қызығушылығын арттыру болды.

Іс-шараны мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, тәлімгерлер және оқушылар комитеті бірлесе отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырды. Қатысушылардың барлығы мектеп тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, белсенділік танытты. Кеш соңында үздік деп танылған оқушыларға арнайы алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.

Аталған ақпараттың барлығы расталған, іс-шара белгіленген күнде толық көлемде өткізілді.

Похожие публикации:

30 қыркүйек 2024 «Дублер күні»
02 ақпан 2019 «JAS TALANT - 2019»