Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(727) 254-62-31
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(727) 254-62-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 11
Туберкулездің алдын-алу
08
қараша
2022
Туберкулездің алдын-алу
     №40 жалпы білім беретін мектептің 7-8 сынып оқушыларына Туберкулездің алдын-алуға байланысты профилактикалық дәріс оқылды. Дәрісті №4 қалалық емхананың дәрігері Сәуле Мухамадиевна мен Ұлбосын Мухамедьяровна оқыды.
"Ұлы Даланың қаhарманы" атты жобасы
02
қараша
2022
"Ұлы Даланың қаhарманы" атты жобасы
   №40 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары 2022 жылдың 2 қарашасында №29 кітапханада Қабанбай Батырдың туғанына - 330 жыл "Ұлы Даланың қаhарманы" атты көрмеге саяхат жасап келді. 
"Қазақстан Университеттеріне саяхат"
01
қараша
2022
"Қазақстан Университеттеріне саяхат"
   №40 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушылары 01.11.2022 ж "Қазақстан университеттеріне саяхат" атты жобада Алматы Менеджмент университетіне барып қайтты.
Кезекті педагогикалық жұмыс
31
қазан
2022
Кезекті педагогикалық жұмыс
   2022 жылдың 31 қазан күні мектебімімздің мәжіліс залында кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесте күн тәртібіне қойылған мәселелер қаралып, алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға байланысты тапсырмалар берілді.
"Жастар саясаты қажет пе?" тақырыбында дебат өтілді
28
қазан
2022
"Жастар саясаты қажет пе?" тақырыбында дебат өтілді
  28.10.2022 жылы №40 жалпы білім беретін мектепте 9 сыныптар арасында "Жастар саясаты қажет пе?" тақырыбында дебат өтілді. Мақсаты белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашып жеткізуге, өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;  Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу; Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
9-11 сыныптар арасында волейбол жарысы
27
қазан
2022
9-11 сыныптар арасында волейбол жарысы
    Республика күніне орай Алматы қаласы, Бостандық ауданы 9-11 сыныптар арасында өткізілген волейбол жарысынан №40 ЖББ мектептің оқушылары I орынды иеленді!
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!"
25
қазан
2022
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!"
   №40 жалпы білім беретін мектептің оқушыларынан құралған дебат ұйымдарының "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында  пікірталас өтті. пікірталас өте нәтижелі, қызықты өтті. Жақтаушы тарап пен даттаушы тарап спикерлері ой түйерліктей мәселелерді қозғап, қоғамдағы келеңсіздіктер жайлы ой бөлісті. 
"Мақтанышым-Қазақстан!" Республика күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды
22
қазан
2022
"Мақтанышым-Қазақстан!" Республика күніне арналған мерекелік концерт
     №40 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі 25-қазан Республика күніне арналған "Мақтанышым-Қазақстан!" атты мерекелік іс-шара өткізілді.
"Дауыс патриотизмі!" Мемлекеттік әнұран орындады
21
қазан
2022
"Дауыс патриотизмі!" Мемлекеттік әнұран орындады
   21 қазан күні №40 жалпы білім беретін мектепте "Дауыс патриотизмі!" Мемлекеттік әнұранын 3-4 сынып оқушылары орындады.
"Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстаным!" Республика күніне арналған сурет көрмесі өтілді
20
қазан
2022
"Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстаным!" Республика күніне арналған
   20 қазан күні №40 жалпы білім беретін мектепте өткен "Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстаным!" атты Республика күніне арналған сурет көрмесі өтілді. Республика күніне арналған көркем еңбек пәні мұғалімдері патриоттық бағытта 7 сынып оқушыларына сурет салғызып, сурет көрмесін өткізді. Аталған іс-шараға оқушылар белсене қатысып, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ақ қағазға түсірді.
"Туған жерді сүйемін" Республика күніне орай челлендж-селфи
20
қазан
2022
"Туған жерді сүйемін" Республика күніне орай челлендж-селфи
     №40 жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасында Республика күніне орай "Туған жерді сүйемін" тақырыбында челлендж-селфи жасалынды. 
Өзін-өзі басқару көшбасшыларының аудандық кездесуі
19
қазан
2022
Өзін-өзі басқару көшбасшыларының аудандық кездесуі
 Өзін-өзі басқару көшбасшыларының аудандық кездесуіне мектебіміздің президенті 9 "Б" сынып оқушысы Қайрат Жанар Уланбекқызы қатысып келді.
Бастауыш сынып оқушыларының қызықты уақыттары
18
қазан
2022
Бастауыш сынып оқушыларының қызықты уақыттары
 №40 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары 15.10.2022 ж Д.А. Қонаевтің пәтеріне, Ғабит Мүсіреповтың музейіне, "Сарыарқа" кинотеатрына барып, бос уақыттарын тиімді пайдаланып келді. Балалармен қызықты уақыт өткізген бастауыш сынып оқушыларына алғыс білдіреміз!
"Тілдің шұбарлануы ұлтқа төнген қауіп" тақырыбында дебат өтті
17
қазан
2022
"Тілдің шұбарлануы ұлтқа төнген қауіп" тақырыбында дебат өтті
 Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу, өз көзқарасын айтуға машықтандыру мақсатында 10.10.2022 жылы Бостандық ауданының №40 мектеппен №140 мектептердің 8,9,10 сынып оқушыларының арасында "Тілдің шұбарлануы ұлтқа төнген қауіп" тақырыбында дебат өтті.  Мектепте дебат қозғалысын ұйымдастыру сапасын жақсарту мақсатында іс-әрекеттердің тұтастығы Қазақстандағы мектеп оқушыларының жеке,
"Алтын күз" бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылды
14
қазан
2022
"Алтын күз" бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылды
     14.10.2022 ж №40 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сыныптар арасында "Алтын күз" байқауы ұйымдастырылды. 1-2 сыныптар арасында "Күз ханшайымы мен ханзадасы" атанған Тараков Керей мен Уланбек Медина иеленді. Ал, 3-4 сыныптар арасында "Күз ханзадасы мен ханшайымы" Жексенбиев Алан мен Әкім Іңкәр иеленді. Басқа қатысушылар "Ең өнерлі жұп" , "Ең белсенді жұп", "Ең еңбекқор жұп", "Көрермен таңдауы", "Сән мен шеберлікті үйлестіргені" үшін номинациялармен марапатталды.