ЖАҢАДАН КЕЛГЕН ОҚУШЫЛАРДЫЫҢ БЕЙІМДЕЛУІНЕ КӨМЕК
Жаңа оқу жылында сынып ұжымына жаңа оқушылардың келіп қосылуы жиі болып тұрады (көптеген балалар басқа ауданға немесе қалаға қоныс аударуына байланысты мектеп ауыстырады). Бала жаңа сыныпқа келгенде, ол бейімделудің бірнеше кезеңінен өтеді. Жаңа оқушының келуі – қашанда сынып үшін, ең алдымен жаңа оқушының өзі үшін үлкен оқиға. Оқушылар алдымен оған алыстан көз салып, айналып өтіп жүреді, содан кейін бірнеше бала оған жақындап барып, тілге келеді, содан кейін ол бала туралы жалпы ұжымдық