Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(727) 254-62-31
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(727) 254-62-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 15
"Қазақ поэзиясының пырағы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
11
қазан
2022
"Қазақ поэзиясының пырағы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
  №40 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Қадыр Мырза Әли балалар жазушысы "Қазақ поэзиясының пырағы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 3-4 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Оқушылар жазушының өмірбаянынан керекті мағлұматтар алып, шығармасынан жасалған көрмемен танысты. Мақсаты: оқушыларға жазушының еңбектерін кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпаққа олардың өнегелі өмірі мен шығармаларын бойларына сіңіру арқылы олардың ұлылығын дәріптеу. 
"Қыз баланың ар тазалығы абыройы" тақырыбында қыздар жиналысы өтті
07
қазан
2022
"Қыз баланың ар тазалығы абыройы" тақырыбында қыздар жиналысы өтті
 07.10.2022ж 9-11 сыныптар араысында мектеп психологтары Еспенбетова И.И., Қабылбек А.Б. қыздар жиналысын өткізді.  Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік танытпауға тәрбиелеу.   
Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті
05
қазан
2022
Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті
    ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің  хаты негізінде және "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5 қазан күні №68 гимназияда аудан мектептері кітапханашылары және оқушылардың қатысуымен белгілі жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға қарымды қаламгер, қайраткер тұлға Ш.Мұртазаның өмірі мен шағармашылығын кеңінен таныстыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы
05
қазан
2022
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы
 2022 жылдың 5 қазанында №68 мектеп кітапханасының оқу залында Бостандық ауданының бірнеше мектеп кітапханашыларының қатысуымен Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді.                                    
Шерхан Мұртазаға 90 жас
03
қазан
2022
Шерхан Мұртазаға 90 жас
   №40 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында "Көркем сөз шебері" атты кітап көрмесін және Шерхан Мұртазаға - 90 жас атты дөңгелек үстел өткізілді.  Мақсаты: Жазушының шығармаларына оқушылардың қызығушылығын арттыру. Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. 
"Ұстаз-ұлағатты есім.
30
қыркүйек
2022
"Ұстаз-ұлағатты есім.
  Ұстаз-ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан  ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
"Дублер күні"
29
қыркүйек
2022
"Дублер күні"
  Ұстаздар күні қарсаңында 29-30 қыркүйек күндері мектебімізде "Дублер күні" ұйымдастырылды. Мектебіміздің 9,10,11 сынып оқушылары атсалысты. 
"Қазақ тілі - ұлтымыздың жаны"
27
қыркүйек
2022
"Қазақ тілі - ұлтымыздың жаны"
   №40 жалпы білім беретін мектептің 5 "Б" сынып оқушыларымен "Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына" орай "Қазақ тілі- ұлтымыздың жаны" тақырыбында сынып сағаты өтілді.  Сынып жетекшісі: Зарқымова Айжан Мақияқызы
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы
26
қыркүйек
2022
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы
   №40 жалпы білім беретін мектептің 8 "Ә" сынып оқушыларымен "Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай "Қазақ тілі - ұлтымызыдың жаны" тақырыбында сынып сағаты өтілді.
"Тілімде менің байлығы жатыр ғаламның..."
23
қыркүйек
2022
"Тілімде менің байлығы жатыр ғаламның..."
   22 қыркүйек тілдер мерекесіне орай өткізілген "Тілімде менің байлығы жатыр ғаламның..." атты іс-шараның жабылу салтанаты.
"Ұланбасы" президент сайлауы
21
қыркүйек
2022
"Ұланбасы" президент сайлауы
2022 жылдың 21 қыркүйегінде №40 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында өзін-өзі басқару ұйымының "Ұланбасы" сайлауы өтті. Биылғы мектеп Президенттілігіне үміткер болып 7 оқушы іріктеліп алынып, өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты. Сайлауға мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Нәтижесінде мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушысы Қайрат Жанар Уланбекқызы 123 басым дауысқа ие болып, мектеп Президенттігіне сайланды. 
Мектеп Парламенті
21
қыркүйек
2022
Мектеп Парламенті
 Құрметті мектеп оқушылары мен ұстаздары!!! 21.09.2022 жылы мектебімізде "Мектеп президентін" сайлау өтетінін хабарлаймыз! Барынша ат салысып дауыс беруге қатысыңыздар!
"Ұланбасына" үміткерлікке ұсынған оқушылар өз жоспарларын таныстырды
20
қыркүйек
2022
"Ұланбасына" үміткерлікке ұсынған оқушылар өз жоспарларын таныстырды
   20.09ю2022 жылы "Жас Ұлан" мектеп комитетінің "Ұланбасына" үміткерлікке ұсынған оқушылар өз жоспарлары мен ұсыныстарын таныстырды. Үміткерлікке қойылатын талаптар түсіндіріліп, сайлаудың өткізілу барысы айтылды. Сайлауға 7 үміткер өтініш білдірді. Оқушылар сайлау алды бағдарламаларын қызықты көрсете білді. "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының алдыңғы жылғы Ұланбасшысы Жүнісов Сұңғат және ДТІЖ орынбасарлары Сапарғалиева Ш.Н., Дюсенбаева Қ.Ж қатысты.
"Отбасы - тәрбие көзі"
20
қыркүйек
2022
"Отбасы - тәрбие көзі"
 "Отбасы - тірбие көзі" тақырыбында 5 "Ә" сыныбында тәрбие сағаты өтті.  Мақсаты: Оқушыларға тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.
"Әсем қала-Алматы"
15
қыркүйек
2022
"Әсем қала-Алматы"
  №40 жалпы білім беретін мектептің 8 "А" сынып оқушыларының қала күніне арнап жазған "Әсем қала-Алматы" тақырыбындағы эссе жұмыстары.