"Кәсіби бағдар беру жұмысының қазіргі кезде орын алатын маңыздылығы"атты панельдік дискуссиялық кездесу
Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Қуанышы да, ауырпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар» - деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.
Елбасының жастарға қояр талабы – білікті, кәсіби маман болу.
Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек. Жүрегі қаламаған мамандық иелері қоғамда көп қиындыққа кездеседі. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасында «Әлемдік білім беру кеңістігінде ықпалдастық, экономиканың индустриялы-инновациялық дамуы мен қоғамдық сұраныстарына сәйкес, техникалық және кәсіби білім жүйесін жетілдіру керек» делінген.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты жастардың саналы түрде бір кәсіп бойынша жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы басты міндеттердің бірі. Мамандық таңдау мәселесі, әсіресе біздің қоғамымыздың нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.
Қай істің де алға өрлеуі мамандардың біліктілігіне байланысты. Сондықтан оқушылардың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарай мамандықты дұрыс таңдап, дұрыс қадам жасау үшін кәсіби бағдар беру жұмыстарын жұргізудің маңызы өте зор.
Осы орайда, оқушылармен ой бөлісу мақсатында бүгін қарашаның 28 күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектепте "Кәсіби бағдар беру жұмысының қазіргі кездегі маңыздылығы" атты тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен панелді дискуссиялық кездесу кеші өтті.
Шараның мақсаты: еңбек нарығын және оқушылардың бойындағы психологиялық-әлеуметтік мәнділіктерді реттей отырып, мамандықтар және онық ерекшеліктері туралы дүниетанымдарын кеңейту және мамандықты саналы түрде таңдауға бағыттап, оқушыларға кеңес беру.
Бұл ауқымды шараға Алматы қаласы Бостандық ауданының Төтенше жағдай бөлімінің инженері Мадыханова Гүлнар, Алматы қаласы Еңбекпен қамту орталығының «Кәсіби бағдар беру» бөлімінің басшысы Жекетаев Керімқұл Әмірқұлұлы, профессор «Рузуддинов» атындағы медициналық стоматологиялық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Отаргалиева Майгүл Оралгалиевна, Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, филология және әлем тілдер факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ф.ғ.к. доценті, Имаханбет Райхан Сахыбекқызы, «NUR BAGDAR» кәсіби бағдар беру орталығының дамыту директоры Абдулова Сайбжамал Ниязовна, «ПРОЗРЕНИЕ» Психологиялық орталықтың психологі Шищенко Ирина Олеговна, Алматы Қытай Оқу орталығының кәсіби бағдар беру менеджері Еркебулан Темірлан, Халықаралық менеджемент және туризм колледжінің өкілі, Самакова Алма Каракойшиевна, «ӘДІЛЕТ» заң колледжінің маркетинг маманы Калиева Анелия Артуровна, Алматы байланыс колледжінің директоры Айгараева Гайни Әбдібайқызы, Қазақ Америка Университетінің оқытушысы Қуатова Аида Шайзадиновна, НАРХОЗ университетінің мамандары қатысты.
Шара барысында Алматы қаласы Еңбекпен қамту орталығының «Кәсіби бағдар беру» бөлімінің басшысы Жекетаев Керімқұл Әмірқұлұлы тақырыпқа сәйкес, оқушыларға мектеп бітірген соң жоғарғы оқу орнына түсерде бірінші өзінің қалауымен сосын ата-анасының кеңесіне ден қойып мамандық таңдау туралы кеңес берді. Еліміздегі бүгінгі таңда қандай мамандар жетіспейтіндігі туралы мәлімет берді. Кездесу барысында сұрақ-жауап алмасып, оқушылар өздерінің тәжірибесімен бөлісуге келген қонақтарымызға сұрақтарын қойып, белсенді қатысып отырды. Осы кездесу барысында өзін белсенді көрсеткен үшін, ойын ашық ортаға жеткізе білгені үшін «Әділет» колледжінің маркетинг жетекшісі Калиева Анелия Артуровна белсенді оқушыларға арнайы өздерінің фирмалық футболкасын табыс етті.
Қорыта айтқанда, бұл кездесу жоғарғы сынып оқушыларының болашақта мамандықты дұрыс таңдауына жақсы септігін беретіндей болды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ербошаев Ермек Бақытбекұлы