«Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті ​ » Школа №40
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті ​
28
апрель
2018

«Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті ​

      «Абай мұрасы-қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» Н.Назарбаев Қазақ әдебиетіндегі шындықты жан-жақты көркем суреттей білген тұңғыш ұлы ақын –Абай Құнанбаев. Абай қазақ өлеңінің тақырыптық шеңберін кеңейтті, өмірдің шындығы мен адам еңбегін жырға қосты. Өлеңді өмір сыры туралы ой-талғамдармен, адам сезімін, оның көңіл-күйін бейнелейтін шынайы лирикамен толықтырды. 

2018 жылы 11 сәуір күні Алматы қаласы Мүсілім Базарбаев атындағы №138 мектеп-гимназияда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Абай оқулары» өтті.

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру болып табылады. 

Аудан көлемінде өткен «Абай оқулары» байқауына №40 жалпы білім беретін мектебіміздің 8 «Ә» сынып оқушысы Копылова Анна мен 9 «Ә» сынып оқушысы Елубай Гүлдана қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша мектебіміздің мақтаныштары Елубай Гүлдана «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша III жүлделі орынды иеленсе, Копылова Аннада «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша III орынды иеленді. Конкурстың жүлдегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды. 

         Осы орайда байқауға оқушыларын қайрап, дайындаған жетекшілері: Мукушева Зауре Елубаевнаға және Зарқымова Айжан Мақияқызына мектеп ұжымы атынан алғыс айтамыз. Мектебімізде өнерлі, білімді, тәрбиелі шәкірттер көп болсын.  


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Ербошаев Ермек Бақытбекұлы