Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе ...»
22
қараша
2018

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе ...»

22 қараша күні Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып жетекшісі Мұсабек Ақмарал Ғабиденқызының  ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «23 қараша – Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне» байланысты  «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе ...» атты мектепішілік бастауыш сынып оқушылары арасында Абай оқуларының байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:

·оқушылардың қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен қара сөздерімен таныстырып өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру;

·оқушылардың дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

·оқушыларды адамгершілікке, жалпыадамзаттық құндылықтарды сезінуге,  адалдыққа, талапты болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе ...» атты мектепішілік бастауыш сынып оқушылары арасындағы байқау екі кезеңнен өтті. Байқаудың бірінші кезеңінде жалпы бастауыш сыныптың барлық 70-ке жуық оқушысы Абай шығармашылығымен толық қамтылып сыныптық байқаудан іріктелген оқушылар екінші мектепішілік кезеңге қатысты.

Байқау оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты екі бөлімнен өтті: бірінші бөлім 3-4 сыныптар арасында өтсе, екінші бөлім 1-2 сыныптар арасында болды.

Мектепішілік байқаудың бірінші бөліміне қатысушы 3-4 сыныптар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тапсырмалар бойынша көрсетті:

·«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бұл кезеңде сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтты. 

·«Абай айтқан асылдар» бұл кезеңде сайыскерлер Абайдың қара сөздерін жатқа айтты. 

·«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла...» бұл кезеңде Абай өміріне байланысты сайыскерлерден сұрақ-жауап алынды.

·«Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...» бұл шығармашылық кезең деп аталады. Бұл кезеңде сыныптар Абай шығармаларына байланысты газет, буклеттер шығарды. 

Мектепішілік байқаудың екінші бөліміне қатысушы 1-2 сыныптар төмендегі тапсырмалар бойынша өнерлерін көрсетті:

·«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бұл кезеңде сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа орындады. 

·«Көңілім әнді ұғады...» бұл кезеңге сайыскерлер Абайдың әндерін шырқады. 

·«Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...» бұл кезеңге сыныптар Абай шығармаларына байланысты газет, буклет  шығарды. 

Сыныптық байқаудан іріктеліп қатысқан оқушылар өзара тартысқа түсті. Ақынның өлең, поэмаларын жаттаумен қатар, оқушылар ақынның әндерін шырқады.  Ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар да болды. 

Байқауға қатысушылардың өнері мен білім деңгейін белгілі ақын, аудармашы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Саят Қамшыгержас ақын, жазушы, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының модераторы, "Сыбырлап оқы" (2016 жыл) жыр жинағының авторы, аудармашы, "Солақай" әдеби аударма ұйымының мүшесі, "Бейуақтағы екеу", "Шапалақпен ұрып өлтіру тәсілі", "Ай, мен саған ғашықпын!" сынды танымал әңгімелердің авторы Еркін Жантас және жас ақын, прозаик Асылан Қуанышұлы қазылық еткен қазылар алқасы бағалап, анықтады.

Осы сайысты жоғары денгейде ұйымдастыра білген 1 «Б» сынып жетекшісі Ақмарал Ғабиденқызына, 2 «В» сынып жетекшісі Ұлбала Мұханқызына мектеп директоры Сарбагысов Асқар Темірханұлы алғыс білдірді.





Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ербошаев Ермек Бақытбекұлы.