Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 500-ге жуық өлеңін жатқа білетін Шаяхмет Имашұлы ағамыздың төрелік еткен аудандық «Мұқағали оқулары» жыр байқауының қорытындысы.
16
ақпан
2019

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 500-ге жуық өлеңін жатқа білетін Шаяхмет Имашұлы ағамыздың төрелік еткен аудандық «Мұқағали оқулары» жыр байқауының қорытындысы.

16 ақпан күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектепте Республикалық Мұқағали Мақатаев атындағы «Мұқағали оқулары» байқауына қазылық ететін ҚР кино қайраткері, ҚР кинематографиясының үздігі, профессор және Мұқағали танушы Шаяхмет Имашұлының қатысуымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа биыл 88 жыл толуына орай, «Мұқағали Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің» аудандық байқауы өтті. Аудандық байқауды тамашалауға ауданның 33 мектебінің ұстаздары, балаларын қолдауға оқушылардың ата-аналары, жыр сүйер зиялы қауым өкілдері қатысты. Жыр додасына білімін сарапқа салып бағын сынамаққа ауданның 60-70 оқушысы келді. «Мұқағали оқулары» байқауының мақсаты ауданның жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи дарындарын жастарды анықтау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту, жас ақындарға қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. 

Байқау алдында ҚР кино қайраткері, Алматы облысы, Райымбек ауданының құрметті азаматы, профессор Шаяхмет Имашұлы мен №105 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нүсіпқожаева Нұрсұлу Нүсіпқожаевна құттықтау сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тіледі. Байқауға қазылар алқасы төрағасы Мұқағали танушы Шаяхмет Имашұлы, ақын, публицист, ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты, Қазақ телевидениясының құрметті қызметкері Жұмаш Кенебай, ақын, аудармашы, журналист, Жазушылар одағының мүшесі, Ұлттық аударма бюросының редакторы Есей Жеңісұлы, ақын, журналист, «Бөбек» "Өзін-өзі тану" журналының баспа ісі редакциялау секторының редакторы Ерғали Бақаш, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ф.ғ. кандидаты, доцент Қалқабаева Салима Абдраманқызы, Алматы қаласы Білім басқармасы, жаңа технологиялар орталығының әдіскері Тасмаганбетова Бинегүл Күнтуовна, №105 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нүсіпқожаева Нұрсұлу Нүсіпқожаевна, №51 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Берекенова Асем Сергеевна қазылық етсе, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есентай Шолпан Мұхамеджанқызы мен бастауыш сынып мұғалімі Мұсабек Ақмарал Ғабиденқызы жоғары деңгейде өткізіп, байқаудың басты жүргізушілері болды. Сыннан сүрінбей, барлық кезеңдер бойынша үздік деп танылғандар жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындарға ауданның дарынды оқушылары ие болды. 

Бас жүлде – Аубакир Абай Қанатұлы (М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия); 

·І орын – Өсербай Өркенбай Ғалымжанұлы (М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия); 

·ІІ орын – Саяхмет Нұрәлі (М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия); ІІ орын – Тұрарбекова Маржан (№40 жалпы білім беретін мектеп); 

·ІІІ орын – Сабдолина Айғаным (М.Базарбаев атындағы №138 гимназия); ІІІ орын – Илясова Айым (№145 жалпы білім беретін мектеп); 

·ІІІ орын – Аббас Гүлдана (№10 мектеп-интернат). Белсенділік танытқан өзге де, қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табыс етілді.

·Жыл өткен сайын байқауға қатысушылардың дайындық деңгейі өсіп отырғанын байқауға болады. 

Байқау соңында мектеп директоры Сарбагысов Асқар Темірханұлы аудандық «Мұқағали оқулары» байқауының әділ өтуіне әділқазы алқасы мүшелеріне арнайы алғыс сөзін білдірді. Мектеп қабырғасында осындай айтулы жыр додасының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру мақсатында еңбек еткен мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ағыбаева Жаныл Бұрханқызына, Базаралиева Света Мергалиевнаға, Зарқымова Айжан Мақияқызына, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Абилдаева Айгүл Бөлкенбаевнаға, Дуйсенбаев Аманқос Урметовичке, Қасымова Фариза Сапарханқызына және Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №29 балалар кітапханасының ұжымына, мектеп кітапханасының кітапханашысы Абенова Айгүл Болтаевнаға, мектептің жас мұғалімдеріне аудандық байқаудың ұйымдастыру шараларына атсалысқандары үшін алғыс білдірді.


Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ербошаев Ермек Бақытбекұлы.