МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ » Школа №40
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ
30
январь
2019

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ

 

ЕРБОШАЕВ ЕРМЕК БАҚЫТБЕКҰЛЫ 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

№40 жалпы білім беретін мектеп 

  

Жаңа заман ұстазы – рухани дамыған, кәсіби іскерлікке, жаңа ұмтылыстарға қабілетті, педагогикалық талантты шығармашыл тұлға 

  

«Біліп қана қою – аз, сол білгеніңді істе қолдана білуін керек, 

ниеттену керек, сол ниетіңді іске асыру керек» 

И. Гете 

  

Білім беру саласы адамның тұлғалық қалыптасуымен тығыз байланысты орта. Осы ортада кәсіби кемелденуге тырысатын және қабілетті, әлеуметтік жетілген, оқытудың барлық құралдарын меңгерген, шығармашыл, құзырлы маман – ұстаз шешуші рөл атқарады. Біздің планетамызда ашық қоғам кұруды көздейтін технологиялық дүмпулер, адамдардың әлемді қабылдауы мен менталитетін өзгерткен, күшті ақпараттық ағымдармен, адамзат дамуының барлық бағыттарында интеграция деңгейлерімен анықталатын дамудың жаңа кезеңдері басталды. 

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» Жолдауында: «Оқушыларды Қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет…ұлттық мінез–құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», — деп көрсеткендей, оқушыларды тәрбиелеу, терең білім беру, оқыту ісін ізгілендіру біздің міндетіміз. 

Ұстаздың кәсіби шеберлігін жетілдіруге қойылған талаптарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында: «Педагог кадрларды қазіргі заман талаптарына сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру – мұғалімнің мамандық шеберлігінің басты белгісі – оның психологиялық жоғарғы әзірлігі болып табылады», — деп атап көрсетілген. 

Менің ойымша, біз шәкірттеріміздің білім деңгейін нақты өлшеп берілетін білімін өлшеуді үйренгенбіз. Біз оқушыдан көп білетінімізді бір қағида ретінде қабылдаймыз. Бізде оқушы үніне құлақ асу жоқтың қасы. Қазір жаһандану үрдісі жүріп жатқан заман. Осыған орай маған мынадай үлкен сұрақтар туындады: «ХХІ ғасырда көшбасшы немесе жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында  нені, неге мән беруіміз керек?», «Болашақ ұрпақты жаһандық оқушыларға айналдыру үшін не істеуіміз керек?». Ол үшін әлемде болып жатқан білім саласындағы үлкен бет бұрыстан шектеу қалмауымыз керек деп ойлаймын. Ел болып өзгерістің қажеттілігіне ден қойуымыз қажет. Атақты педагог В.А.Сухомлинский ұстаздық іске ерекше баға берді. Ол «мұғалімдік мамандық – бұл адам тану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан – дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады», — деді. 

 

Ербошаев Ермек Бақытбекұлы 1983 жылы 18 мамырда Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 

2002-2006 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. Физика-математика факультетінің «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік» мамандығын оқып шықты. 

2003-2005 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы әскери кафедрасында оқыған. Запастағы лейтенант. 

2011-2013 жылдар аралығында Алматы үздіксіз білім беру университетінің құқықтану факултетінде заңгер мамандығын оқыған. 

Еңбек жолы: 

2006 - 2008 жж. - Алматы қаласында түрлі салаларда инженер маманы болып жұмыс істеді;

2009– 2010 жж. - Алматы қаласы Білім басқармасы, Бостандық аудандық білім бөлімінің тәрбие жөніндегі бас маманы;

2010-2013 жж. - Алматы қаласы Білім басқармасы жанындағы қалалық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтында тәрбие жөніндегі және мектепке дейінгі бөлімнің әдіскері және қосымша Алматы қаласы Бостандық аудандық білім бөлімінің тәрбие жөніндегі және мектепке дейінгі бөлімнің аға әдіскері қызметін атқарды;

2014-2016 жж. - Алматы қаласы Білім басқармасы, Бостандық аудандық білім бөліміне қарасты кәмелет жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау бөлімінің және қорғаншылық және қамқоршылық органыныңбас маманы;

2016 жылдың тамыз айынан бері Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және көркем еңбек мұғалімі болып жұмыс істейді. 

Похожие публикации:

14 декабрь 2018 ҰБТ көрсеткіші
06 январь 2018 План питания