«ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ» » Школа №40
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ»
04
май
2019

«ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ»

4 мамыр күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектепте аудандық білім бөлімінің қолдауымен оқушылар арасында Абай оқуларының» аудандық кезеңі өткізілді.

Абай оқуларының ережесіне сәкес бұл байқау төрт кезеңнен өтті. Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген оқушылардың шығармашылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңі бойынша – 32, «Көңілім әнді ұғады» кезеңіне – 18, «Жүріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңіне – 5 қатысушы, «ЭССЕ» кезеңі бойынша – 8 қатысушы қатыстырылды.

Бұл байқауының өткізудегі мақсатымыз жалпы оқушылары арасында Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру, өлең сөздің құдіреті Лучшее расследование #a#maximarkets мошенники#/a# брокера мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту, жастарға қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. 

Байқау алдында аудандық білім бөлімінің басшысы - Әбдіманапова Қарлығаш Акановна мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев сыйлығының иегері - Есетова Гүлшара Есетқызы қатысушы жастарға құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

Байқауға әділ баға беріп, қатысушылардың ойынан шыға білген қазылар алқасы мүшелері Алматы қаласы Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Әбдіманапова Қарлығаш Акановна, Алматы  қаласы Білім басқармасына қарасты Жаңа технологиялыар орталығының әдістемелік бөлімінің аға әдіскері - Тасмаганбетова Бинегуль Кунтуовна, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев сыйлығының иегері - Есетова Гүлшара Есетқызы, №105 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Нүсіпқожаева Нұрсұлу Нүсіпқожаевна№51 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Берекенова Асем Сергеевна байқауға төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша сыннан сүрінбей, әр кезең бойынша үздік деп танылған оқушылар жеңіс шыңынан көрініп, төмендегідей орындарға ие болды:

І кезең: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

1 – орын: Асанова Ақтоты - №81 мектеп - гимназия

2 – орын: Жолдас Мөлдір - №138 гимназия

2 – орын: Черникова Нина - №38 мектеп

3 – орын: Саитова Лазиза - №105 гимназия

3 – орын: Дәулеткерім Назерке - №40ЖББМ

3 – орын: Парух Гүлім - №140 гимназия

ІІ кезең: «Көңілім әнді ұғады»

1 – орын: Червонский Даниэл - №21 гимназия

2 – орын: Капесова Айлун - №105 гимназия

2 – орын: Әбдікадырова Алуа - №63 ЖББМ

3 – орын: Канажанова Аянат - №190ЖББМ

3 – орын: Ұзақбай жалғас - №140 гимназия

3 – орын: Хабимолда Аружан - №81 мектеп – гимназия

ІІІ кезең: «Жүріктен  жүйрік озар жарысқанда»

1 – орын: Советхан Мадияр - №40 ЖББМ

2 – орын: Телебай Ескендір - №92 мамандандырылған лицей

2 – орын: Аманжол Ақжан - №138 гимназия

3 – орын: Еркінбай Ақниет - №10 мектеп интернат

3 – орын: Қожаберген Назерке - №81 мектеп-гимназия

3 – орын: Тулегулова Алуа - №105 гимназия

ІҮ кезең: «ЭССЕ»

1 – орын: Бейсен Қамарсұлу - №138 гимназия

2 – орын: Ахметқазы Сымбат - №92 мамандандырылған лицей

2 – орын: Толепова Ақгүл - №88 ЖББМ

3 – орын: Лесбекова АЙым - №40 ЖББм

3 – орын: Серикбаева Мансия - №81 мектеп-гимназия

Байқаудың І орын жеңімпаздары: №21 гимназияның оқушысы Червонский Даниэл, №40 ЖББ мектептің оқушысы Советхан Мадияр, №81 мектеп – гимназияның оқушысы Асанова Ақтоты, М.Базарбаев атындағы №138 гимназияның оқушысы Бейсен Қамарсұлу қалалық байқауға жолдама алып, аудандық білім бөлімінің арнайы дипломдарымен марапатталды.

 

Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ербошаев Ермек Бақытбекұлы.