Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(727) 254-62-31
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(727) 254-62-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №40 ЖББМ 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
13
мамыр
2019

№40 ЖББМ 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

13.09.2018 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы М.Базарбаев атындағы №138 қазақ гимназияда болған «Тұлпар мініп, ту алған!» атты аудандық байқауда 106 бетті жырды жатқа айтып 10 «Ә» сынып оқушысы Елубай Гүлдана I орынды иеленді. Осы байқау қорытындысы бойынша Гүлдананың жетекшісі, мектеп мұғалімі Зарқымова Айжан Макияқызы Алматы қалалық ішкі саясат Басқармасы басшысының қолынан грамота алды.
14.09.2018 жылы Республикалық «Кубок Севера» атты тай-бокстан өткен 12-13 жас аралығында болған жарыстан 8 «Б» сынып оқушысы Қанатбек Айдар I орынды иеленді.
30.09.2018 жылы Алматы қаласы Жамбыл атындағы кітапхана қабырғасында «Маған үлгі болатын адам» атты Дүниежүзілік әдебиет және өнер академиясының (Қырғызстан) ұйымдастыруымен өткен Халықаралық эсселер байқауына қатысып II орын алғаны үшін 6 «Ә» сынып оқушысы Бауыржан Дильназ Дүниежүзілік әдебиет және өнер академиясының президенті Амантай Акбаровтан диплом алды. Жеңімпаз болған оқушыға бағыт-бағдар беріп, даярлағаны үшін жетекшісі Дюсенбаев Қалдыгүл Жағалтаевна алғыс хатпен марапатталды.
27-29.09.2018 жылы 6 «А» сынып оқушысы Халықаралық би өнерінен өткен Түркия қаласында болған байқаудан «Ұлттық би» атты номинациясымен I орынды иеленгені үшін Ынтықбай Бағдаулет марапатталды.
Балдаурен-Қапшағай балалар ойын-сауықтыру орталығында демалған мектептің 8 «Ә» сынып оқушысы Жолдас Еркебұлан лингвистикалық марафон «Language land» бағдарламасы барысында «Дарындар» шығармашылық байқауына белсенді қатысып, «Жайдарман» номинациясы бойынша жеңімпаз аталған Жолдас Еркебұлан «Қара балалар» III топтың мүшесі дипломмен марапатталады. Еркебұлан осы сауықтыру орталығында болған дойбы біріншілігінен III орын иеленді.
25.09.2018 жылы Алматы қалалық бастауыш сынып арасында өткен «Тілім менің тірегімнің айғағы» атты поэзия кешінде дәрежелі II дипломмен Аманғалиқызы Айша марапатталды. Осы байқауға оқушысын қатыстырғаны үшін Құлтай Ғалымкүл апайыда дипломмен марапатталды.
05.10.2018 жылы 2006-2007 ж.т. оқушылар арасында өткен аудандық футбол жарысынан I орын алғаны үшін мектеп оқушысы Адылбеков Ануар дипломмен марапатталды.
01.10-11.11.2018 жылы аралығында Жамбыл атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Башқұрстан жазушысы, Шайхзада Бабич атындағы мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгиз Баймұхаметовтің «Тастамашы, ана!» кітабы бойынша Халықаралық мәнерлеп оқу байқауына қатысып, мектебіміздің 8 «А» сынып оқушысы, №1 Балалар үйінің тәрбиеленушісі  Каримкулова Зарина I орын, 5 «Ә» сынып оқушысы Дүйсебай Ботагөз II орын иеленгендері үшін Башқұрстан Жазушылар одағының Төрағасының дипломымен марапатталды.
04.11.2018 жылы Халықаралық математикадан болған Болгария-2050 инттелектуалды сайысында III орын алған үшін мектебіміздің 2 «Ә», «Б» сынып оқушылары Талғатұлы Алдияр, Жұмагелдиева Адия Халықаралық грамотамен марапатталды.
14.11.2018 жылы «Мың бала» Республикалық сайтының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында өткен Республикалық «Жас суретші 2018» атты жас таланттар байқауына қатысып ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін жас ерекшеліктеріне қарай мектебіміздің  дарынды оқушылары: Орманова Саруар, Жанибекова Лайла, Сальменова Айлин, Бадирова Аяжан I орынды иеленген. Оқушылардың жетекшісі Жусипова Гульнар Нугмансаевнада дипломмен марапатталды.
15.11.2018 жылы Қазақ-Американ Университетінде Теңгенің 25-жас мерейтойына және қаржыгер күніне арналған «Теңге – Тәуелсіздіктің нышаны!» атты Олипиадаға қатысқаны үшін мектебіміздің 11 сынып оқушысы Қайрат Бекнар Қайратұлы 11 мектептің ішінен II орын иегері атанды. Бұл сайысқа бес гиназия мен алты жалпы білім беретін мектептер қатысты.
24.11.2018 жылы «Адам және әлем» әдеби шығармашылық «Жас ақын» номинациясы бойынша Үздік шығарма үшін мектебіміздің 5 сынып оқушысы Төлеубек Сұлтан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің деканы Ж.Е. Жаппасовтың дипломымен марапатталды.
06.12.2018 жылы №140 мектеп-гимназияда Абай Құнанбаевтың өлеңдерін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде «Жырым менің үш тілде» атты аудандық оқушылар арасында өткен жыр байқауында мектебіміздің 6 «Б» сынып оқушысы Ахимбек Аслан жүлделі I орынға ие болды. Байқаудың жеңімпазын «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жамбылов Баймұрат Мұратжанұлы құттықтап Асланға алғыс хат табыс етті.
12.12.2018 жылы Алматы қаласы Білім басқармасы "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының» ұйымдастыруымен болған қыздар арасындағы баскетбол ойыны спартакиядасында үздік ойын көрсеткені үшін мектебіміздің 10 сынып қыздарынан құралған команда III орынды иеленді. Қатысқан қыздарымыз: Елубай Гүлдана, Дәулеткерім Нәзерке, Омарғалиева Ақниет, Турешова Диана, Искакова Диана.
18.12.2018 жылы Алматы қаласында 11-13 жас аралығында өткен таэквандо чемпионатында I орын алған үшін Талғат Алихан дипломмен марапатталды.
15-16.12.2018 жылы Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жастар арасында өткізілген таэквандодан III алғаны үшін мектебіміздің 6 сынып оқушысы Арсенұлы Мирас дипломмен марапатталды.
20-12.2018 жылы Көркем гимнастикадан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Республикалық ашық чемпионатының жекелей бағдарламасы бойынша 21,7 ұпай жинап I орынды иемденгені үшін Алимхан Феруза 5сыныптың оқушысы дипломмен марапатталады. Байқау Қызылорда қаласында өтті.
21.12.2018 жылы «Ата өнері-балаға мұра» атты қалалық балалар арасында өткен шығармашылық байқаудың «Живопись» номинациясы бойынша мектебіміздің 8 сынып оқушысы Оразалы Ильяс қала көлемінде I орынды иеленді.
Осы сайысқа қатысқан мектеп оқушысы Толқынбай Еркін III орынға қол жеткізді. Балалардың жетекшісі Жусипова Гүлнар Нурмансаевна жастарды өнерге бейімдеп, қалалық байқауға дайындап қатыстырған үшін ҚББЖТО КММ директорының орынбасары М.Н.Темербекованың грамотасымен мадақталды.
15.01.2019 жылы Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Бейнелеу өнері» атты шығармашылық байқауда даралығын көрсетіп, ерекше өнерімен үздік деп танылған оқушыларымыз:
I дәрежелі – Тұрсынғали Дария;
II дәрежелі – Қасымалиева Майра;
II дәрежелі – Қамбар Ринат.
«Мен оқыған қызықты кітап» номинациясы бойынша:
         I дәрежелі – Гуламжанқызы Айша;
         I дәрежелі – Қуаныш Нұрәлі.
«Еңбегі ерен Елбасы» номинациясы бойынша:
         II дәрежелі – Қуаныш Нұрәлі.
«Ақ мамыққа оранды қалам» номинациясы бойынша:
         I дәрежелі – Қуаныш Нұрәлі;
         II дәрежелі – Қамбар Ринат.
«Өмірбаян» номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен Гуламжанқызы Айша.
«А. Құнанбайұлы   - Қыс» номинациясы бойынша III дәрежелі дипломмен Рауанұлы Әділ марапатталды.
15.01.2019 жылы Шымкент қаласының «GRAND PRIX» турнирінде «Массоти» бөлімі бойынша 10-11 жасқа дейінгі + 30 кг салмақ дәрежесінде I орын алғаны үшін мектебіміздің  5 «А» сынып оқушысы Зарыққан Тамырлан Шымкент қаласының ғаламдық таеквандо федерациясының президенті О. Жұмабаевтың дипломымен марапатталды.
15.01.2019 жылы «Дұрыс тамақтану мектебі» балалар суреттері мен плакаттарының халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін Орманова Саруар Алматы қаласы ББҚББЖТҒӘО директорының орынбасары М.Н. Темербекованың III дәрежелі дипломымен марапатталды.
17.01.2019 жылы «Біздің үйдің флорасы мен фаунасы» атты «Халықаралық биоалуантүрлілік күніне» арналған конференцияға белсене қатысқаны үшін 6 «Б» сынып оқушысы Аманбаев Алишер «Жас натуралистер станциясының» директоры З.Аришеваның алғыс хатымен марапатталды және осы 6 «Б» сыныбының белсенді оқушысы Алдажаров Мираста осындай алғыс хатпен марапатталды.
29.01.2019 жылы «Зимняя фантазия» атты Республикалық балалардың шығармашылығында жүлделі орын алған мектеп оқушылары:
Бекенева Анель 2 орын, Сұлтанова Арай 1 орын, Нұрлан Інкәр 2 орын, Серік Амандос 2 орын, Орманова Саруар 1 орындарға ие болды.
         Ұйымдастырушылар: АРТ студия «МАРТ».
03.02.2019 жылы Дүниежүзілік әдебиет және өнер академиясы ұйымдастырған «Жетістікке жету жолдары» атты мектеп оқушыларына арналған халықаралық эсселер байқауында жеңімпаз болып, I орын алғаны үшін Койкелова Аида дүниежүзілік әдебиет  және өнер академиясының вице-президенті Саят Қамшыгердің дипломымен марапатталды. Осындай дипломмен Кенжебаев Марғұланда марапатталды.
11.02.2019 жылы «Intolimp.kz» оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Жас қалам» атты шығармашылық байқауда даралығын көрсетіп, ерекше өнерімен үздік деп танылған Дүйсебай Ботагөз I дәрежелі дипломмен марапатталды. «Мұзды мекен тұрғындары» номинациясы бойынша Орманова Саруар I дәрежелі дипломмен; «Жас ақын» Ашимова Сабина 2 дәрежелі, «Көркем жазу өнері» Дүйсебай Ботагөз 1 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
12.02.2019 жылы I-Республикалық «Армандастар» байқауының дипломанты атанған мектеп оқушысы Қосубай Темірлан және Қосубай Томирис.
02.03.2019 жылы мектебіміздің оқушылары: Елубай Гүлдана, Бозанбай Мейірбек, Кабидуллов Ерзат, Алянура, Ерсін бастаған топ қалалық «Жас биологтар» интеллектуалдық байқауында 3 дәрежелі орынға ие болды.
12.03.2019 жылы Халықаралық «Бойтұмар» өнерлі балалар байқауының және Республикалық «Бойтұмар.кз» балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби-танымдық басылымының ұйымдастыруымен өткен «Қош келдің, ару көктем, Алматыға!» атты байқауға белсене қатысып, «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері атанған 3 «б» сынып оқушысы Әділханов Асқар дипломмен марапатталды.
15.03.2019 жылы мектебіміздің 10 сынып оқушысы Хамзақызы Лаура қалалық эссе жазудан «Өзін-өзі тану» бағыты бойынша «5 адами құндылық» атты тақырыбында эссе жазып 2 орынды иеленді.
18.03.2019 жылы Алматы қаласы №53 мектеп-гимназияның ұйымдастырумен  «Қош келдің, әз наурыз!» атты қала көлемінде үш турдан тұратын байқау өткен. Осы байқаудың «Бата жаттау» номинациясына қатысып мектебіміздің оқушысы Күзембаев Азат 3 дәрежелі диплом иегері атанды.
18.05.2019 жылы Қалалық «Наурыз бояуы» атты сурет байқауында 3 дәрежелі диплом иегері Жанибекова Лайла және 2 дәрежелі дипломмен Серікбол Меруерт марапаттталды. Белсене қатысқаны үшін Орманова Саруар, Серік Амандос, Копылова Анна және Амирджанова Медина марапатталды.
19.03.2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, Наурыз мерекесіне арналған «Медина» спорт кешенінің қалааралық еркін күрестен 2006-2007, 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасындағы  жеке біріншілігінде 51 кг салмақ дәрежесінде III орын алғаны үшін Жарылқап Аслан «Медина» спорт кешенінің директоры С.Исаеваның грамотасымен марапатталды.
10.04.2019 жылы Республикалық «Мир, в котором я живу» атты балалар шығармашылық байқауында: I дәрежелі дипломмен – Ерғали Аяжан, II дәрежелі дипломмен – Тұрсынбек Айзере, III дәрежелі дипломмен – Серікбол Меруерт марапатталды.
12.04.2019 жылы №69 ЖББ мектепте аудандық «Мағжан оқулары» байқауы өткен болатын. Осы байқауда «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алғаны үшін мектебіміздің дарынды оқушысы Елубай Гүлдана аудандық білім бөлімінің басшысының дипломымен марапатталды.
13.04.2019 жылы аудандық «Айбын» әскери патриоттық жарысында 2 орын алған үшін мектебіміздің 10 сынып оқушыларынан құралған команда арнайы грамотамен марапатталды. Осы жарыстың «Мерген» сайсында мергендігімен көзге түскені үшін Есенова Алянура 1-орынды иеленді.
14.04.2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық «Победа» атты шығармашылық гимнастика спорт сайсында II орын жеңіп алғаны үшін Алімхан Феруза дипломмен марапатталды.
19.04.2019 жылы Қалалық Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай өткізілген «Дәуірдің дара ақыны» атты байқауда прозалық шығармадан үзінді айту номинациясы бойынша Бас жүлде алғаны үшін мектебіміздің үздік 10 «Ә» сынып оқушысы Елубай Гүлдана Ашиқбайқызы арнайы дипломмен марапатталды.
19.04.2019 жылы аудандық «Санкт –Петербург балалар көзімен Алматы» атты сурет байқауында мектебіміздің 5 «Ә» сынып оқушысы Орманова Саруар II орынды иеленгені үшін дипломмен марапатталды.
19.04.2019 жылы Таеквандодан қалалық ашық турнирде I орынды жеңіп алғаны үшін мектептің спортшы оқушысы Хайруллаев Алдияр дипломмен марапатталды.
27.04.2019 жылы «Тафиса Қазақстан – СПОРТ БӘРІН!» атты спорт фестивалі аясында мектеп қабырғасында болған аудандық 7 сынып оқушылары арасында өткен шағын футбол сайысында командалық үздік ойын көрсетіп III орынды жеңіп алғаны үшін мектебіміздің 7 сынып оқушыларынан құралған құрама командасы аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.
08.05.2019 жылы Қалалық «Мағжан оқулары» байқауының «Өлең –менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша мектебіміздің 10 сынып оқушысы Елубай Гүлдана Ашиқбайқызы I орынды иеленгені үшін Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Г. Хаджабергеновнаның грамотасымен марапатталды.
11.05.2019 жылы Қалалық Жансая Абдумалик атындағы шахмат турниріне қатысып 7,5 ұпаймен III дәрежелі орынды жеңіп алғаны үшін турнир төрағасы Д.Е. Жұпарханның төрелігімен мектебіміздің дарынды оқушысы Жүнісов Сұнғат IV разрядты иеленді.