«ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ - ЖҮЗ ЖАСАҒАН БӘЙТЕРЕК» » Школа №40
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ - ЖҮЗ ЖАСАҒАН БӘЙТЕРЕК»
28
февраль
2019

«ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ - ЖҮЗ ЖАСАҒАН БӘЙТЕРЕК»

Ақпанның 28 күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектепте жыр алыбы Жамбыл Жабаев атамыздың 28 ақпан туған күніне орай «Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек» атты жыр байқауы өтті. 

Жыр додасының өткізудегі басты мақсат – ақын шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау, сол арқылы жас ұрпақтың бойынан елге деген, қазақ тіліне деген сезімді ояту. 

Байқау алдында мектеп басшысы Сарбағысов Асқар Темірханұлы Жамбыл атамыздың рухани бай мұрасы ұлтымыздың әдебиет бағытындағы жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді беретін басты құндылықтарымыздың бірі екенін айтып өтіп, байқауға қатысушы жастарға сәттілік тіледі.

Бұл Жамбыл атамыздың құрметіне арналған жыр байқауында оқушыларымыз ақынның туған жерге деген, батырларға арналған жырлары туралы, Ұлы Отан соғысына байланысты патриоттық өлеңдер тақырыптарында жазылған жыр туындыларынан, өлеңдерінен мәнерлеп жатқа айтып жыр сайсына түсті.

Байқауға қазылық еткен еліміздің ақын, жазушы зиялы қауым өкілдері: ақын, публицист, ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты, Қазақ телевидениясының құрметті қызметкері - Жұмаш Кенебай,  Балаларға арналған республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы болған. Қазір «Президент және халық» газетінің бас редакторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Публицистикалық мақалалардың, «Қазақстан–1» телеарнасындағы «Жұмадағы жүздесу», «Атамекен», «Түркі әлемі», «Истоки», «Сәлем, ХХІ ғасыр!», «Қадыр түні» сияқты жұртқа танымал жобалардың авторы. Елбасының алғыс хаттарымен марапатталған, «Астана» медалінің иегері - Марат Тоқашбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультеті жанындағы Жамбыл атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері - Какимова Ардақ,  Алматы қаласы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері - Қозыбекова Роза Сұлтанғазықызы байқаудың жоғары деңгейде әділ өтуіне төрелік етсе, мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Шахабай Ұлбала Мұханқызы байқаудың басты ұйымдастырушы және жүргізуші қызметін жақсы деңгейде атқарды. 

Байқау нәтижесінде үздік деп танылғандар жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындарға үздік оқушылар ие болды. 

  • 5-7 сыныптар арасында Бас жүлдеге қол жеткізген 5 «Ә» сынып оқушысы Сабина Ашимова;

І орын –Әлібек Ермұхан 5 «А» сынып оқушысы;

ІІ орын – Жібек Бегілда 6 «Ә» сынып оқушысы; 

ІІІ орын – Гүлім Хабидулова 7 «Ә» сынып оқушысы; 

ІІІ орын – Аяулым Мазимакан 6 «А» сынып оқушысы.

  • 8-10 сыныптар арасында Бас жүлде иегері 10 «А» сынып оқушысы Дастанұлы Бақберген; 

І орын –Диана Турешова 10 «Ә» сынып оқушысы;

ІІ орын – Нұрай Сахи 8 «Ә» сынып оқушысы; 

ІІІ орын –Айым Лесбекова 9 «Ә» сынып оқушысы; 

ІІІ орын – Айша Әділхан 8 «Ә» сынып оқушысы. 

Номинациялар бойынша Исрайлова Аяжан, Тогузбаева Жансая, Сулейменова Сұлу, Нұржанова Аружан, Мұнайтпас Арман, Төлеутай Заңғар, Амирджан Медина, Бахадир Қадыржан, Әкім Сағидолла, Бахадир Гүлсім үздік деп танылса, белсенділік байқатқан өзге де, қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табыс етілді. 

Шара соңында мектеп басшысы Асқар Темірханұлы ақынның туған күнін жыл сайын дәстүрге айналдырып атап өтуге келген қонақтарға және қатысқан барша оқушыларға тілек білдіріп, бүгінгі өткен «Жамбыл Жабаев -жүз жасаған бәтерек» атты жыр сайсының әділ өтуіне қазылық еткен қазылар алқасы мүшелеріне өзінің ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. 

Мектеп басшысы ұстаздарды ынталандыру бағытында өткен іс-шараның ұйымдастырылуына, шәкірттің поэзия арқылы жыр әлеміне қызығушылығының оянуына, оқушының шығармашылық қиялын жан-жақты шыңдау мақсатында еңбек еткен мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне осы алған беттерінен қайтпай, жастардың мүддесі үшін игі жұмыстармен айналысуда бар ынта-жігерлерің салып жұмыс жасайтындарына сенім білдірді. 

Осы іс-шараны кітапсыз «әрленуіне» мұрындық болған №29 балалар кітапханасының ұжымы байқаудың жоғары деңгейде өтуіне орындарын жоғалтпай көрсете білді.


Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ербошаев Ермек Бақытбекұлы.