Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау»
30
тамыз
2020

«Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау»

Формат. Қашықтан оқыту.
Оқу процесі мектепалды даярлық то птарда 1-11 (12) сыныптарда қашықтан ұйымдастырылады.
Оқу процесін қашықтан ұйымдастыру үшін мектеп интернет-платформаны таңдауы керек.
Қашықтан оқыту процесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың (бұдан әрі-Санитарлық нормалар) талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта да өтуі мүмкін. Бұл жағдайда сабақтар екі форматты біріктірумен немесе тек асинхронды форматта өткізілуі мүмкін.
Синхронды форматта оқыту интернет-платформалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мұғалімнің нақты уақыт режимінде білім алушылармен тікелей байланысын (стриминг) көздейді.
Сабақтың асинхронды форматы - бұл интернет-платформалардың мүмкіндіктері арқылы мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесуі, оның ішінде өз бетінше оқуға арналған мазмұн және мұғалімнің кері байланысы бар оқу тапсырмалары.