07
ақпан
2023
«Бақылаусыз тәрбиенің салдары» атты жаңа форматтағы жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Ақпанның 7-і күні мектебімізде «Бақылаусыз тәрбиенің салдары» атты жаңа форматтағы жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста ата-аналарға жан-жақты бала тәрбиесі жөнінде мағлұматтар беріліп, ата-аналар өз ойларымен бөлісті.Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Сапарғалиева Ш.Н. І жарты жылдық бойынша жүргізілген іс-шаралар бойынша есеп берді.. Әлеуметтік педагог Карибаева Ж. әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларымен жүргізілген жұмыстары жайлы ата-аналарды таныстырып өтті. Мектеп психологі Қабылбек Арайлым «Буллинг және кибербуллингтің алдын-алу» тақырыбында ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы тренинг өткізді. Жиналыс соңында ата-аналарымыз мектебіміздің жаңа үлгідегі кітапханасымен танысып,алғыстарын білдірді.