Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАҢАДАН КЕЛГЕН ОҚУШЫЛАРДЫЫҢ БЕЙІМДЕЛУІНЕ КӨМЕК
10
қыркүйек
2021

ЖАҢАДАН КЕЛГЕН ОҚУШЫЛАРДЫЫҢ БЕЙІМДЕЛУІНЕ КӨМЕК

  Жаңа оқу жылында сынып ұжымына жаңа оқушылардың келіп қосылуы жиі болып тұрады (көптеген балалар басқа ауданға немесе қалаға қоныс аударуына байланысты мектеп ауыстырады). Бала жаңа сыныпқа келгенде, ол бейімделудің бірнеше кезеңінен өтеді. Жаңа оқушының келуі – қашанда сынып үшін, ең алдымен жаңа оқушының өзі үшін үлкен оқиға. Оқушылар алдымен оған алыстан көз салып, айналып өтіп жүреді, содан кейін бірнеше бала оған жақындап барып, тілге келеді, содан кейін ол бала туралы жалпы ұжымдық пікір қалыптасады. Нәтижесінде, жаңа оқушыны сынып не аластайды, немесе ол ұжымға «кірігіп кетеді». Жаңа ұжымға кірігіп кету оның жеке басының қасиеттеріне, оның достық пейіліне, сондай-ақ сынып жетекшісінің көмегіне байланысты болады. Жаңа оқушының бейтаныс ұжымға бейімделуіндегі сынып жетекшісінің рөлі аса зор. Сынып ұжымы жаңа оқушыны жақынырақ танып білуі үшін сынып жетекшісі оқушылармен әңгіме өткізеді, сондай-ақ жаңа оқушымен де жеке әңгімелесіп, оған балалардың өзара қарым-қатынастары, сыныпта болып жататын мәселелер, т. б. жайлы айтып береді. Қандай да бір проблема туа қалса өзінен кеңес сұрауын, бұл жағдайда екеуара сөз ешкімге жария болмайтынын жеткізеді. Сынып жетекшісі жаңа оқушыны сабақты дұрыс оқуға, сыныптастарымен достық қатынаста болуға бағыттап, сыныптағы кез келген проблеманың шешімі болатындығына көзін жеткізеді.
#40жббм