"МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ"
21.12.2018 жылы мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 27 жыл толуына орай ауқымды іс-шара өтті. Жазушы-драматург Роза Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" атты шығармасын мектебіміздің дарынды 10 сынып оқушылары Шалқарбаев Нұрсұлтан, Бозанбай Мейірбек, Дастанұлы Бақберген, Аухадиев Жібек, Даулеткерім Нәзерке, Елубай Гүлдана, Нұржанова Аружан, Есенова Алянура, Омаргалиева Ақниет, Турешова Диана, Қанатбек Асқар, Алимбетова Камила өздерінің дайындаған театрландырған көрінісін көрсетті.
Бұл театрланған көріністе Семей полигонындағы саңырауқұлақ іспеттес жарылыстан мүгедек болып қалған Ләйлә қыздың өміріндегі қиын жайғдайлары туралы, сол кездегі адамдардың өмірге деген көзқарастарын, өмірге деген құлшыныстарын, сол ядролық апатқа қарамастан адамдардың бір-біріне түсінікпен қарауын оқушыларымыз образға кіріп жеткізді.
Сол ядролық апаттан кейін қыздың түрі бүлдіршін күйінде қалып, өспей қалған екен. Ата-анасынан айырылған Ләйлә Қатира деген қатал әпкесінің қолында өседі екен.
Осы мектеп деңгейінде болған іс-шараға оқушылар өте жақсы дайындалғаны сонша көп көрермен ұстаздардың және оқушылардың көңілдері босап, оқушылардың образға кіріп шығарманы кәсіби актер ретінде алып шыққандары үшін шапалақтарын жаудырды. Әсіресе басты рөлді сомдаған мектептің дарынды оқушысы Елубай Гүлдананың Ләйлә қыздың болмысын айнытпай салып, көріністі шебер ойнап, көрермендердің жүрегіне шығарманың мағынасын жеткізе білді.
Орындаған: Ербошаев Ермек Бақытбекұлы