Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықсыз 16 күн»
26
қараша
2018

«Әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықсыз 16 күн»

Мектеп қабырғасында жыл сайын 25 қарашада «Бақытты отбасы!» ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» дәстүрлі іс-шарасы өткізіліп отырады.
Осы орайда 26 қараша күні мектеп қабырғасында мектептің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Дуйсенбаева Қалдыгүл Жағалтаевна мектептің ата-аналар комитеті мүшелерімен бірлесіп үлкен сыныптың оқушыларына және ата-аналарына дөңгелек үстел өткізді. 
Бұл ата-ана және оқушының арасындағы кездесудің мақсаты отбасындағы  қыз-келіншектерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала құқығының заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету жайында мәселелерді қозғау. 
Шара барысында мектеп психологі Сапарова Қазына Құрбанғалиқызы «Бақыт-деген сенін балалық шағың» атты тренинг ойынын өткізіп, оған ата-аналар белсене қатысып, өздерінің пікірлерімен бөлісті. 
Жалпы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көбіне ер азаматтардың жұмыссыздығынан, ішімдікке салынуынан, қызғаншақтықтың туындауынан болады. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қоғамымыздағы үлкен мәселе болып отыр. Сондықтан да әйелдеріміздің сана-сезімін оятып, құқықтық білімдерін жетілдіріп, психологиялық көмек беруіміз керек деп дөңгелек үстел басына келген ата-аналар өз ойларымен бөлісті. Пікір алысу кезінде жастарды толғандыратын сұрақтарына кездесуге шақырылған ақ жаулықты үлкен апа, әжелеріміз жауап беріп, ақыл-кеңестерін айтып отырды.
«Бақытты отбасы!» атты ұранымен ұйымдастырылған ата-ана, оқушы және мұғалім атты қауымдастық кездесуі қызықты өтіп, өз жемісін беріп кездесу соңы ата-ана комитеті мүшелері Сәлім Мунирамен Бекенова Анар Жетписбаевнаның концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Орын:Ербошаев Ермек Бақытбекұлы