Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(727) 254-62-31
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(727) 254-62-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕН МЕКТЕПКЕ БАРАМЫН!» АШЫҚ ЕСІК КҮНІ.
28
сәуір
2023

МЕН МЕКТЕПКЕ БАРАМЫН!» АШЫҚ ЕСІК КҮНІ.

 2023 жылдың 28 сәірінде Бостандық ауданы №40 Жалпы білім беретін мектебінде №80, №81, №85, №89 бала бақшалардың тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Мен мектепке барамын» атты ашық есік өткізілді.

Мектеп директоры Асқар Темірханұлы келген бала -бақша тәрбиеленушілерін және олардың ата-аналарын мектептің тыныс-тіршілігімен, алға қойған мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Манзура Алмаханқызы келушілерді мектептің сапалық құрамымен және 2023-2024 оқу жылында 1 сынып алатын мұғалімдердің еңбек жолы мен жетістіктеріне тоқталып, жеке- жеке таныстырып өтті. Сонымен қатар «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы бойынша 1 сыныпқа қажетті құжаттар тізбесімен және www.egov.kz электронды үкімет сайты арқылы құжат тапсырудың қадамдарымен таныстырды. Ата-аналар өз кезегінде құжаттарды жүктеу бойынша сұрақтар қойып, мектеп әкімшілігі тарапынан жауабын алып отырды.
Мектептің логопед маманы Амангелді Айжұлдыз тілі дұрыс дамымаған, кейбір әріптерді айтуға қиналатын балалармен артикулияцилық жаттығулар, түрлі тыныс алу жаттығулары, ұсақ қол моторикасы арқылы дұрыс жұмыс жүргізудің маңыздылығы туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Мектебіміздің дефектолог маманы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға диогностика жасау, нейрогимнастикалық жаттығулар, әр түрлі дидактикалық материалдар арқылы жасалатын жұмыстардың нәтижесі болатынын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Ашық есік күніне алғаш рет келіп мектебіміздің табалдырығын аттаған болашақ оқушылармен олардың ата-аналары мектептің бастауыш сынып оқушыларының ұйымдастыруымен қойылған шағын концертті тамашалап, тәрбиеленушілер сыныптарға бөлініп, партаға отырып, 1 сынып мұғалімдері ұйымдастыған бірлескен іс-әрекеттерде ата-аналары балалардың дағдыларын көрді. Келесі кезекте балабақша тәрбиеленушілерімен олардың ата-аналарына мектептің заманауи үлгіде жабдықталған кітапханасына экскурсия жасалып, мектеп кітапханашысы Ұлжалғас апай кішкене бүлдіршіндерге жас ерекшеліктеріне сай ертегі кітаптарын сыйлыққа берді. Сонымен қатар мектеп асханасына, спорт залына, жаздық футбол алаңына экскурсия жасалды.