«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім»
«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты Ауған соғысының аты аңызға айналған ардагері, арнайы мақсаттағы 177-отрядтың командирі, ел “Қара майор” атап кеткен әйгілі отставкадағы полковник Борис Керімбаевтың ерліктерін өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында ерлік сабағы өткізілді. Өткенін ескермеген өшеді, Өткенін қастерлеген өседі,- демекші, берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері Ауған соғысы ардагерлері қонақта болып, аты аңызға айналған азамат Ауған соғысында әскери тәсілді терең