Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "БАБАЛАР АМАНАТЫ"
10
желтоқсан
2020

"БАБАЛАР АМАНАТЫ"

Биыл елімізде көрнекті философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай ҚР Ұлттық кітапханасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің, ұлы ақын Абайдың мерейтойлары аясында еліміздің "Көркем еңбек" пәні мұғалідерінің, шығармашыл ұстаздардың "Ғасырлар толғауы" атты онлайн көрмесі өткен болатын. Шара барысында "Бабалар аманаты" атты көрме каталогінің тұсауы кесілді. Шығармашыл жандардың басы қосылған бұл киелі кітапхана шаңырағында еліміздің бейнелеу өнеріне үлес қосып жүрген барша өнерлі майталмандардың еңбегі көрмеге шығарылды. Бұл Республика көлемінде өткен "Бабалар аманаты" атты көрмеге еліміздің 850-ден астам шығармашыл ұстаздар өздерінің туындыларын көрсетуге өтініш білдірсе, аталмыш өнер каталогіне тек "Үздік" деп таңылған 110 шебердің жұмысы ғана таңдап алыныпты. Осы "Үздіктер" қатарын толықтырған "Бабалар аманаты" атты Республикалық көрмесіне қатысқан №40 жалпы білім беретін мектебіміздің шығармашыл ұстазы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жусипова Гүлнар Нугмансаевна әріптестірінің арасынан "Үздік" деп танылып 1-орынды иеленді!!!


Ербошаев Ермек Бақытбекұлы

Похожие публикации:

10 желтоқсан 2020 "Бабалар аманаты"