Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » САНАТТАҒЫ САРБАЗДАР
30
сәуір
2020

САНАТТАҒЫ САРБАЗДАР

Халқымыз үшін 9 мамыр - Ұлы Жеңіс мейрамы болып табылатыны сөзсіз.
Биыл осы Жеңіс мейрамымызға 75 жыл толуда. Бірақ осы бейбіт өмірді сыйлаған, жауды жеңген, Отанды қорғаған аталарымыздың ерлігі туралы деректерді, естеліктерді ұрпақтан ұрпаққа дәріптеп жалғастыра беруіміз керек.
Себебі бұл біздің азаматтық міндетіміз. Отанды сүю, еліміздің патриоты болу, аталарымыз сыйлаған бейбіт өмірдің қадірін білу атадан балаға аманат.
Осы аталарымыздың ерліктері туралы естеліктерді дәріптептеу мақсатында сәуір айының 16-22 аралығында Алматы қаласы білім мекемелері арасында «Біз Жеңістің ізбасарларымыз» тақырыбында бейнеролик жасау байқауы ұйымдастырылған болатын. Патриоттық форматтағы байқау басталғалы №40 жалпы білім беретін мектептің дарынды оқушылары: Сайн Алинур, Ақылбекқызы Камила, Даубатыр Кәусар, Алайдар Амина, Тұрсынғали Дария, Батырбекова Анель, Байбек Еркебұлан, Аширбек Рамазан, Берістем Алижан, Қуаныш Нұрәлі, Омар Рамлә, Мухамеди Гауһар, Рауанұлы Әділ, Жаңабай Аяна, Қамбар Ринат, Бақтыбек Ақнұр, Жаңбырбай Гүлім, Ашимова Сабина, Сансызбай Ұлдана, Бирликанова Жайна, Абилханов Асқар, Мураталиева Таңшолпан, Тұрсынбек Әйзере, Тажаяқ Толқын, Ермұхан Әлібек, Тұрбек Зарина, Елубай Айша, Елубай Гүлдана, 7 «Б» сынып, 9 «А» сынып оқушылары қала байқауынан қалмай, бейбіт өмір сыйлаған аталарының ерліктерімен мақтанып, бейнероликтер арқылы аталарының құрметіне орай өлеңдер, ән-би жолдап, олардың ерліктері туралы түрлі деректер жинақтап, естелік бейнероликтер жасады.
Соның ішінде, байқауға қатысу үшін күні-түні, жатпай-тұрмай еңбектеніп, мектебіміздің дарынды 8 «Ә» сынып оқушысы Ерғали Райянда екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Қызыл Әскер қатарынды болған, Қазақстанда жасақталған 105 ұлттық әскер дивизиясының эскадрон командирі болған, Қазақстанның халық жазушысы, «Әке сыры» т.б. көптеген еңбектердің авторы Ерғалиев Хамит атасының құрметіне арнап керемет естелік бейнеролик әзірлепті.
Ал олай болса, Ерғалиев Хамит атамыздың шөбересі Ерғали Райянның атасының құрметіне арнаған естелік бейнеролигіне көңіл бөліп, жастарымыздың еңбегіне баға берсек деймін.

+https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1381701855364804&id=100005750075967https://www.facebook.com/permalink.php?



Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Ербошаев Ермек Бақытбекұлы.

Похожие публикации:

23 қыркүйек 2019 «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ!»