Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қайырымдылық - жүрекке жылу сыйлайды"
16
ақпан
2020

"Қайырымдылық - жүрекке жылу сыйлайды"

       Қайырымдылық жасау ісі - ол адамның биік ой санасы десем қателеспейтін шығармын. Адамның қоршаған ортасындағы адамға деген жылу ықыласы мен ізгілігін білдіруі ол адамның бойындағы қасиетті көрсете білгені.
Айтайын дегенім, кеше 16 ақпан күні көңілдері қаламызға жауған аппақ қардай, тұп-тұнық ниеттеріне орай көптеген отбасыға "Орбита-3" мешітінің қызметкерлері өздерінің қасиетті болмыстарын көрсете білді. "Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дегендей, кеше "Орбита-3" мешітінің демеушілігімен, №40 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен "Қайырымдылық - жүрекке жылу сыйлайды" атты қайырымдылық игі шарасы өтті.
Әрине, бұл шараның мақсаты жүрекке жылу сыйлау, көмекке мұхтаж жандарға көңіл бөлу.
Бұл шараға мектебіміздің материалдық көмекке зәру 15 отбасы қамтылды. Оның ішінде көпбалалы, жалғыз басты отбасылар, жағдайы төмен отбасылар көмек алды.
Жалпы 50-60 жуық бала қамтылды десек болады. Көрсетілген көмек түрі күнделікті керекті азық-түлік тауарлары. Бұл мешіт пен мектептің бірігіп ұйымдастырып жатқан дәстүрлі қайырымдылық жұмыстарының бірі.
Құрметті халайық, адамға іспен жылу көрсетпесек те, сөзбен көрсете білейік!
Әрине қолдан келсе іспен көрсеткенге не жетсін.