Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Үлгілі отбасы"
11
сәуір
2020

"Үлгілі отбасы"

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАМЫЗ!!!

Құрметті ата-аналар, оқушылар және ұстаздар қауымы!
Қашықтықтан оқу барысында бір-бірімізден қашықтап кетпеу мақсатында мен алғашқы шығармашылық бағыттағы "Үлгілі отбасы" атты отбасылық байқауын ұйымдастырып отырмын.
Байқаудың негізгі мақсаты:
• қатысушыларға оригами өнерiнiң денсаулыққа маңыздылығын үйрету;
• бiлiм мен iскерлiктерiн жетiлдiру;
• оқушыларды еңбек етуге үйрету;
• жаңа технологияны қысқа мерзiмде, тез, игеру;
• ұқыптылыққа, үнемшiлдiкке, қабiлеттерiн жетiлдiре түсуге үйрету;
• жылдам шешiм қабылдай бiлуге үйрету танымдық және шығармашылық iс - әрекетiн дамыту.
• Бұл өнердің тиiмдiлiгi: Оригамимен шұғылдану жас талғамайды. Бастауыш сыныптан бастап, жоғарғы сынып оқушылары да, жекелей де, ата - аналарымен бiрге де құрастырып, жинай бередi. Оригамимен жұмыс iстеу ой - өрiстi, ынтаны, зейiндi қалыптастырып қана қоймайды шеберлiктерiн шыңдап, шығармашылық iзденiстерiне жол ашып, эстетикалық мәдениеттерiн қалыптастырады.
• Байқаудың шарты: Төмендегі сілтемелерге кіріп, көріп, отбасыларыңызбен бірігіп осы бейнероликтегі оригамиді жасау керек. Әрине, бұл байқауда міндеттеме жоқ, әр отбасы өз еркіммен байқауға қатыса алады. Осы сілтемелердегі тапсырмаларды орындаған соң, сынып жетекшілеріңізге жіберсеңіздер болады. Бұл жерде 5 сілтеме бар. Қай отбасы бес сілтемені орындайды , сол отбасы сыныбы бойынша 1 орынды иеленеді. Әрі қарай орындар өз тәртібімен беріледі. Егер отбасымен оригамиді бірігіп жасап жатқан жақсы бейнеролик болса оған бөлек орындар тағайындалады.
• ЕСКЕРТУ! Бұл байқау тек 11-ші сәуірмен 12 сәуір аралығында болады. Сол екі күндері аралығында отбасылар өздерінің сынып жетекшілеріне жұмыстарын өткізе алады. Ал олай болса, байқауды бастаймын!!! Демалысымыз сәтті, тиімді өтсін деймін!

https://youtu.be/5oJ-IlfXlz4

https://youtu.be/Jn70pGQWStI

https://youtu.be/U33e-UDp7qI

https://youtu.be/gFmMJR-XCnw

https://youtu.be/_fVT75SDoq0