«Жас сарбаз»
«Жас сарбаз»
«Жас сарбаз» сыныбына қабылданатын әр оқушының оқу үлгерімі мен денсаулық жағдайы жақсы болуы керек, бұл алғашқы талаптардың бірі, әрі бірегейі. Бұдан бөлек, әскери-патриоттық қозғалыстың мүшесі атану үшін, ата-аналарының рұқсаттамасы керек. Нәтижесінде өз үлгерімдерін дәлелдеп 7 сыныптан – 10 оқушы, 8 сыныптан – 5 оқушы қабылданған. Қатарға қабылдану үшін оқушылар арнайы кезеңдерден өтуі жоспар бойынша болды. Сонымен қатар, оқушылармен комиссия мүшелері арасында сұрақ-жауап өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Айта кетейік, «Жас сарбаз» сыныбының қатарына оқушыларды қабылдау жұмыстары, аталмыш мектептің қабырғасында биылғы жылы бірінші рет ұйымдастырылып отыр.
– Бүгін мектептің оқушылары, «Жас сарбаз» сыныбына қабылдану үшін іріктеуден өтіп,мектебіміздің 15 оқушысы ант қабылдап “Жас сарбаздар” қатарына қосылды.