04
қазан
2024
Ұстаздар күні
Ұстаздар күні
"Ұстаз-мектептің жүрегі" атты 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен той форматында, арнайы дресс код қойылған, мерекелік концерт өтті.
Концертте ұстаздардың тілегі тыңдалып, ән айтылып, би биленіп, қойылым қойылды. Оқушылар білім берген ұчтаздарына мерекеде керемет көңіл-күй сыйлады!
Осы іс-шара арқылы оқушыларымыздың ер жетіп, болашаққа нық қадам басуға дайын, ұйымшылдығы жарасқан жандар екенін көре алдық! Оқушыларымызға алдағы ҰБТ-ны жоғары деңгейде тапсырып, ата-аналары мен ұстаздарының үмітін ақтау бұйырсын!
Іс-шараға белсенділік танытқан барша ұстаздар мен оқушыларға мың алғыс!
Мереке құтты болсын ұстаздар!