Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(727) 254-62-31
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(727) 254-62-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қазан – қарттар күні
01
қазан
2023

1 қазан – қарттар күні

Мектебімізде 1 қазан – қарттар күніне арналған, Бастауыш ӘБ жауапты болған ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті! 
 Тақырыбы: «Еңбектің бейнеті – зейнет»
 Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай, есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Кездесудің қонақтары: Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып зейнетке шыққан Мариям Молдагазиевна Бастауыш сынып мұғалімі болып зейнетке шыққан  Сандуғаш Муфталовна Бастауыш сынып мұғалімі болып зейнетке шыққан  Шарипа Абайбековна Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып зейнетке шыққан  Жаңыл Буырхановна Кездесу сұхбат түрінде өтті. Сұхбат барысында біраз тың ақпараттар мен, қызықты оқиғалар айтылды. Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. 10-сынып оқушылары гүл шоқтарын ұсынды! Кездесу сәтті аяқталды!