"Қайырымдылық керуені"
Ақпан айы өте суық, ызғарлы қыс мезгілінің мінезін көрсететін қатал ай еді. Бірақ осы жолы қатал мінезінен гөрі адам бойын жылытумен есте қалды. Тіпте бұл ақпан адамның бойын ғана емес, жүрегінде жылытқан қайырымды ай болды. Ұзын сөздің қысқасы, ақпа
нның 16 күні мен 29 күндері мектебіміздің 30-ға жуық отбасы "Орбита-3" мешітінің "Қайырымдылық керуені" атты іс-шараларына қамтылды.
Иә, бүгін "Орбита-3" мешітінің демеушілігімен, №40 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар азды-көпті азық-түлік көмек алып, "Қайырымдылық керуен" атты қайырымдылық шараның куәсі болды.
Әрине, игі шараның мақсаты жағдайы төмен отбасыларға көңіл бөлу. Бүгінгі игі шараға шақырылған 13 отбасыда азық-түлік көмегін алды. Жалпы осы айда 80-ге жуық бала қайырымдылық шараға қамтылды.
Елімізде жомарт жандар көбейсе, осындай қайырымдылық шаралар әлі де жалғасын табады деп айталамын.
Орын. Ербошаев Ермек Бақытбекұлы