ФУТБОЛ – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ! » Школа №40
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ФУТБОЛ – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ!
10
февраль
2019

ФУТБОЛ – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ!

ФУТБОЛ – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ!

6 ақпан күні Алматы қаласы №40 жалпы білім беретін мектептің «ЖАРЫС АРЕНА» спорт кешенінде Алматы қаласы Бостандық аудандық білім бөлімінің қолдауымен, №40 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастыруымен «2019 жылы – Жастар жылына» орай аудандық «Футбол – жастардың таңдауы!» атты 9-11 сынып оқушылары арасындағы шағын футболдан жарыс өтті. Жарысты №40ЖББ мектеп директоры Сарбагысов Асқар Темірханұлы ашып беріп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа жалпы ауданның тоғыз (№21, 40, 60,63,70,92,93,145,146) мектебінің командалары қатысып, ойын нәтижесінде ұлдар арасындағы ойында І орынды №145 жалпы білім беретін мектептің ұлдар командасы иеленсе, қыздар арасындағы ойында №21 гимназияның қыздар командасы үздік ойын көрсетіп

І орынды жеңіп алды. Жарыс соңында мектеп директоры Сарбагысов Асқар Темірханұлы «2019 жылы – Жастар жылына» орай шағын футболдан аудандық сайыс ұйымдастырған мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Алғадаев Қайрат Қуанышұлына, Сарсенбаева Аружан Нұржанқызына алғыс білдірді. Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан мадақтама қағаздары табыс етілді.