Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш бірлестігі
30
қаңтар
2019

Бастауыш бірлестігі

Құлтай  Ғалымкүл  Диханбайқызы 1963 жылы 3 ақпанда    Алматы   облысы, Балқаш   ауданы Желтораңғы аулында дүниеге келген.

     1980 жылы Д.А.Қонаев атындағы орта мектепті бітіріп,1987 жылы Алматы шетел тілдер педагогикалық институтының француз - неміс тілдері факультетін, 2003 жылы Қыздар педагогикалық институтының бастауыш сынып оқыту әдістемесі факультетін  аяқтады.

    Еңбек жолын 1987 жылы  Алматы облысы,Балқаш ауданы, Д.Қонаев  орта мектебінде  француз тілі мұғалімі және аға пионер вожатый болып бастап, 1993 жылы Алматы қаласы , Медеу  ауданы № 163 мектебінде бастауыш сынып мұғалімі және тәрбие ісінің меңгерушісі, 2003 жылдан бері № 40 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі  және мектеп тренері  қызметін атқарып келеді. 

   Құлтай Ғалымкүл Диханбайқызы жоғары санатты бастауыш сынып   мұғалімі, педагогикалық  өтілі – 31 жыл.

   Ізденімпаз, өз ісінің шебері,жаңа форматты мұғалім.Өз тәжірбиелерін қала көлеміндегі ұстаздармен бөлісіп,жас мамандарға өзінің іс-тәжірбиесінен тәлім беріп отырады.2010 жылы №10 «Бастауыш мектеп» республикалық әдістемелік журналы   «Алғашқы ертеңгілік», 2012 жылы    «Дала»халықаралық журналы математика пәнінен «9»санының құрамы , 2014 жылы №12 «Бастауыш мектеп»  республикалық әдістемелік  журналы О.Бодықовтың   «Аққұс туралы аңыз» ашық   сабақтары жарық көрді.Аудандық семинарда математика пәнінен  «9» санының құрамы, қалалық  семинарда  «Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру» шығармашылық есеп,республикалық семинарда ана тілі пәнінен С.Көбеевтің «Орындалған арман» ,Шыңғыс Айтматовтың  «Атадан қалған тұяқ»атты ашық сабақтарын өткізді.

2014жылы   «Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері»  атты авторлық әдістемелік көмекші құралы шықты.

2014-2015 оқу жылында Алматы қаласы білім беру ұйымдарының  үздік педагог қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына 50% қосымша үстемақының иегері болды.

 2016-2017     оқу жылында «Назарбаев  Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық  шеберлік орталығы әзірлеген  «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім  беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтап сертификат  иегері болып және осы бағдарлама аясында мектеп мұғалімдеріне  100 академиялық сағат көлеміндегі курс өткізді.

2017-2018 оқу жылында  «Білім беру саласының үздігі» төс белгісінің иегері   болды.

2018жылы  «Бағалау критериясы»тақырыбы бойынша «RWCT:20 жыл тәжірибедегі өзгерістер» 20 ұлттық Оқу Конференциясына қатысып, сертификат иегері болды.

2011 жыл,  Құрмет грамотасы ( Құлтай Ғалымкүл Диханбайқызы  2010-2011 оқу жылындағы мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып,жеке тұлғаны тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі  үшін марапатталады) Бостандық аудандық білім бөлімінің бастығы Г.Г.Әміртаева

 2012 жыл, Грамота  (Құлтай Ғалымкүл Диханбайқызы жас жеткіншектерге білім беру жолында аянбай еңбек еткені  үшін марапатталады)  Бостандық аудандық білім бөлімінің бастығы Г.Г.Әміртаева

2013 жыл ,Алғыс хат (Құлтай Ғалымкүл Диханбайқызы «Нұр Отан» партиясының стратегиялық бағытын,бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін  іске асыруға атсалысып,саяси белсенділігіңіз бен атқарған нәтижелі еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін)   «Нұр Отан» партиясының  Бостандық АФ Төрағасының бірінші орынбасары Н.Мәуленов

2014 жыл,  Грамота (Құлтай Ғалымкүл Диханбайқызы  Қалалық білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі мен жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары  үшін марапатталады.)  Білім Басқармасының басшысы  Р.С.Шимашева 

2012жыл  Құрмет грамотасымен  Қонысбай Жасұлан  «Мемлекеттік рәміздер елдігімнің белгісі» атты аудандық байқауда марапатталды.

2012жылы диплом Бағдашқызы Хадижа қалалық сурет байқауы «Закат в степи» байқауында марапатталды.

 2013 жылы мектепішілік «Ғылымдағы алғашқы қадам» тақырыбында 3 «А»сынып аралығында ғылыми жоба өткіздім. Жобаның негізгі мақсаты оқушыларды өз бетімен ізденіп,шығармашылықпен жұмыс істей білуге баулу, ғылымға деген ынтасын шыңдап, ой-өрісін кеңейту, танымдық қабілетін арттыру, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу болды.

        2011-2012 жылдары мектепішілік олимпиадада оқушыларым Қонысбай Жасұлан,    Әубәкір Жәнібек, Тынымқұл Жандос, Кызырхан Бота, Сәбитжан Ажар жүлделі орындарға ие  болды,  2012-2013 жылдары мектепішілік олимпиадада оқушыларым Шайдикаримова Жаннет,   Абдрасилов Нұржан, Демеухан Амина, Бағдашқызы Хадижа, Мұса Әділет жүлделі орындарға      ие болды.

      2013-2014 жылы Әубәкір Жәнібек «Алақай-балақай», «Тойбастар» теле жобаларына қатысты.     

2013жылы қараша айында өткен  «Ақбота-2013» интеллектуальды марафонда

Қонысбай  Жасұлан-70б., Кызырхан Бота-69б., Шайдикаримова Жаннат-69б., Демеухан Амина-69б., Тынымқұл Жандос-69 б Калитов Мырзахан-69б., Абдрасилов Нұржан-69б., Әубәкір Жәнібек-69б жинап жүлделі II орынға ие болды

   2014жылы қалалық Білім басқармасының Алғыс хатымен Мұса Әділет «Менің Отаным - менің Қазақстаным» үшін      марапатталды.                                                                                                     

 2014жылы дипломмен Қызырхан Бота, Шайдикаримова Жаннет,  Калитов Мырзахан, Әскербек Елдана, Қонысбай Жасұлан, Әубәкір Жәнібек, Мұса Әділет, Алигулова Амина «Ақбота - 2014» интеллектуальдық     марафонында   III       орын алғаны үшін    марапатталды.                         

  2016-2017 оқу жылында Бостандық ауданы бойынша бастауыш сыныптардың білімін тексеру мақсатында алынған математика,қазақ тілі пәндерінен 100% көрсеткіш көрсетті.

    2015 ж«АлгорИФМ» физика-математикалық лицейінде математикадан өткен  қалалық     турнирге оқушылары Бақытжан Әйгерім,Махмут Айлун,Күрзіхан Толғанай қатысып сертификат иегері болды.   

«Балалар әлемді бейнелейді» атты бүкіл  әлемдік сурет көрмесіне қатысып Бақытжан Әйгерім және Күрзіхан Толғанай сертификатпен марапатталды.Омарова Айым диплом иегері болып жұмысы     «Балалар әлемді бейнелейді» атты  халықаралық энциклопедия кітабына   шықты.                 

         2017-2018 жж«Ену» халықаралық Монопәндік жарысына оқушылар қатысып жүлделі I орын алды.

       2018-2019 оқу жылында    www.IQcenter.kzинтеллектуалды білім порталы мен Республикалық  «Ұлан» басылымының ұйымдастыруымен өткен жалпы республикалық шығармашылық байқауға қатысқан Амангелді Айзере , Бекенева Анель  «Менің Президенттім» номинациясымен III орын, Толқынбай Еркін,Султанова Арай       «Нұрлы Султан» номинациясымен III орын,Бабашева Жанель   «Алғашқы қар» номинациясымен III орын,Жақып Ақбаян  «Елі сүйген Елбасы» номинациясымен II орын,Күрзіхан Толғанай

     номинациясымен II орын иегерлері болды.

 

Похожие публикации:

14 желтоқсан 2018 ҰБТ көрсеткіші
07 желтоқсан 2018 2017 жылғы іс -шаралары
06 қаңтар 2018 План питания