Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №40 ЖББ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ
20
қыркүйек
2019

№40 ЖББ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

  13.09.2018 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы М.Базарбаев атындағы №138 қазақ гимназияда болған «Тұлпар мініп, ту алған!» атты аудандық байқауда 106 бетті жырды жатқа айтып 10 «Ә» сынып оқушысы Елубай Гүлдана I орынды иеленді. Осы байқау қорытындысы бойынша Гүлдананың жетекшісі, мектеп мұғалімі Зарқымова Айжан Макияқызы Алматы қалалық ішкі саясат Басқармасы басшысының қолынан грамота алды.

14.09.2018 жылы Республикалық «Кубок Севера» атты тай-бокстан өткен 12-13 жас аралығында болған жарыстан 8 «Б» сынып оқушысы Қанатбек Айдар I орынды иеленді.

30.09.2018 жылы Алматы қаласы Жамбыл атындағы кітапхана қабырғасында «Маған үлгі болатын адам» атты Дүниежүзілік әдебиет және өнер академиясының (Қырғызстан) ұйымдастыруымен өткен Халықаралық эсселер байқауына қатысып II орын алғаны үшін 6 «Ә» сынып оқушысы Бауыржан Дильназ Дүниежүзілік әдебиет және өнер академиясының президенті Амантай Акбаровтан диплом алды. Жеңімпаз болған оқушыға бағыт-бағдар беріп, даярлағаны үшін жетекшісі Дюсенбаев Қалдыгүл Жағалтаевна алғыс хатпен марапатталды.

27-29.09.2018 жылы 6 «А» сынып оқушысы Халықаралық би өнерінен өткен Түркия қаласында болған байқаудан «Ұлттық би» атты номинациясымен I орынды иеленгені үшін марапатталды.

Балдаурен-Қапшағай балалар ойын-сауықтыру орталығында демалған мектептің 8 «Ә» сынып оқушысы Жолдас Еркебұлан лингвистикалық марафон «Language land» бағдарламасы барысында «Дарындар» шығармашылық байқауына белсенді қатысып, «Жайдарман» номинациясы бойынша жеңімпаз аталған Жолдас Еркебұлан «Қара балалар» III топтың мүшесі дипломмен марапатталады. Еркебұлан осы сауықтыру орталығында болған дойбы біріншілігінен III орын иеленді.

25.09.2018 жылы Алматы қалалық бастауыш сынып арасында өткен «Тілім менің тірегімнің айғағы» атты поэзия кешінде  дәрежелі II дипломмен Аманғалиқызы Айша марапатталды. Осы байқауға оқушысын қатыстырғаны үшін Құлтай Ғалымкүл апайыда дипломмен марапатталды.

05.10.2018 жылы 2006-2007 ж.т. оқушылар арасында өткен аудандық футбол жарысынан I орын алғаны үшін мектеп оқушысы Адылбеков Ануар дипломмен марапатталды.

01.10-11.11.2018 жылы аралығында Жамбыл атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Башқұрстан жазушысы, Шайхзада Бабич атындағы мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгиз Баймұхаметовтің «Тастамашы, ана!» кітабы бойынша Халықаралық мәнерлеп оқу байқауына қатысып, мектебіміздің 8 «А» сынып оқушысы, №1 Балалар үйінің тәрбиеленушісі  Каримкулова Зарина I орын, 5 «Ә» сынып оқушысы Дүйсебай Ботагөз II орын иеленгендері үшін Башқұрстан Жазушылар одағының Төрағасының дипломымен марапатталды.

04.11.2018 жылы Халықаралық математикадан болған Болгария-2050 инттелектуалды сайысында III орын алған үшін мектебіміздің 2 «Ә», «Б» сынып оқушылары Талғатұлы Алдияр, Жұмагелдиева Адия Халықаралық грамотамен марапатталды.

14.11.2018 жылы «Мың бала» Республикалық сайтының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында өткен Республикалық «Жас суретші 2018» атты жас таланттар байқауына қатысып ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін жас ерекшеліктеріне қарай мектебіміздің  дарынды оқушылары: Орманова Саруар, Жанибекова Лайла, Сальменова Айлин, Бадирова Аяжан I орынды иеленген. Оқушылардың жетекшісі Жусипова Гульнар Нугмансаевнада дипломмен марапатталды.

15.11.2018 жылы Қазақ-Американ Университетінде Теңгенің 25-жас мерейтойына және қаржыгер күніне арналған «Теңге – Тәуелсіздіктің нышаны!» атты Олипиадаға қатысқаны үшін мектебіміздің 11 сынып оқушысы Қайрат Бекнар Қайратұлы 11 мектептің ішінен II орын иегері атанды. Бұл сайысқа бес гиназия мен алты жалпы білім беретін мектептер қатысты.

24.11.2018 жылы «Адам және әлем» әдеби шығармашылық «Жас ақын» номинациясы бойынша Үздік шығарма үшін мектебіміздің 5 сынып оқушысы Төлеубек Сұлтан Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің деканы  Ж.Е. Жаппасовтың дипломымен марапатталды.

06.12.2018 жылы №140 мектеп-гимназияда Абай Құнанбаевтың өлеңдерін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде «Жырым менің үш тілде» атты аудандық оқушылар арасында өткен жыр байқауында мектебіміздің 6 «Б» сынып оқушысы Ахимбек Аслан жүлделі I орынға ие болды. Байқаудың жеңімпазын «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жамбылов Баймұрат Мұратжанұлы құттықтап Асланға алғыс хат табыс етті.

12.12.2018 жылы Алматы қаласы Білім басқармасы "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының» ұйымдастыруымен болған қыздар арасындағы баскетбол ойыны спартакиядасында үздік ойын көрсеткені үшін мектебіміздің 10 сынып қыздарынан құралған команда III орынды иеленді. Қатысқан қыздарымыз: Елубай Гүлдана, Дәулеткерім Нәзерке, Омарғалиева Ақниет, Турешова Диана, Искакова Диана.

18.12.2018 жылы Алматы қаласында 11-13 жас аралығында өткен таэквандо чемпионатында I орын алған үшін Талғат Алихан дипломмен марапатталды.

15-16.12.2018 жылы Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жастар арасында өткізілген таэквандодан III алғаны үшін мектебіміздің 6 сынып оқушысы Арсенұлы Мирас дипломмен марапатталды.

20.12.2018 жылы Көркем гимнастикадан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай республикалық ашық чемпионаттың жекелей бағдарламасы бойынша 21.7 ұпай жинап I орынды иемденгені үшін 5 сыныптың дарынды оқушысы Алимхан Феруза дипломмен марапатталды. Бұл байқау Қызылорда қаласында өткен.

21.12.2018 жылы «Ата өнері – балаға мұра» атты қалалық балалар арасында өткен шығармашылық байқаудың «Живопись» номинациясы бойынша мектебіміздің 8 сынып оқушысы Оразалы Ильяс қала көлемінде өткен байқауда жүлделі I орынды иеленсе, осы байқаудың III орнын дарынды оқушымыз Толқынбай Еркін жеңіп алды.

15.01.2019 жылы Шымкент қаласының  «Grand PRIX» турнирінде  «Массоти» бөлімі бойынша 10-11 жасқа дейінгі +30кг  салмақ дәрежесінде таэквандодан республикалық  турнир өткен болатын. Осы турнирде мектебіміздің 5 «А» сынып оқушысы Зарыққан Тамырлан көш бастап жүлделі I орынды жеңіп алды.

15.01.2019 жылы «Дұрыс тамақтану мектебі» атты халықаралық балалар шығармашылық көрмесіне қатысып мектебіміздің дарынды оқушысы Орманова Саруар III дәрежелі дипломмен марапатталды.

29.01.2019 жылы «Зимняя фантазия» атты республикалық балалардың шығармашылық байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болғандары үшін мектебіміздің дарынды оқушылары:

- Бекенова Анель – 2 орын, Сұлтанова Арай – 1 орын, Нұрлан Інкәр – 2 орын, Серік Амандос – 2 орын, Орманова Саруар – 1 орынды иеленді.

03.02.2019 жылы Дүниежүзілік әдебиет және өнер академиясы ұйымдастырған «Жетістікке жету жолдары» атты мектеп оқушыларына арналған халықаралық эсселер байқауында Койкелова Аида дүниежүзілік байқаудың 1 орын иесі атанды.

12.02.2019 жылы I-Республикалық «Армандастар» өнер байқауының дипломанты болып Қосубай Темірлан мен Қосубай Томирис атанды.

02.03.2019 жылы өткен қалалық «Жас биологтар» зияткерлік байқауында мектеп атынан шыққан «Табиғат жанашырлары» атты оқушылар тобы: Елубай Гүлдана, Бозанбай Мейірбек, Кабидуллов Ерзат, Есенова Алянура бастаған топ мектебімізге 3 дәрежелі дипломмен оралды.

15.03.2019 жылы «5 адами құндылық» атты тақырыбында өткен байқауға 10 сынып оқушысы Хамзақызы Лаура қатысып байқау нәтижесінде қала көлемінде ұйымдастырылған байқаудан 2 орынды иемденді.

18.03.2019 жылы Алматы қаласы №53 мектеп-гимназияның ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз наурыз!» атты қалалық байқау өткен болатын. Осы байқаудың «Бата жаттау» кезеңіне қатысқан дарынды оқушымыз Күзембаев Азат үздік орындағаны үшін 3 дәрежелі дипломға қол жеткізді.

10.04.2019 жылы Республикалық «Мир в котором я живу» атты балалардың шығармашылық байқауында оқушыларымыз:

Ерғали Аяжан – 1, Тұрсынбек Айзере – 2, Серікбол Меруерт – 3 дәрежелі дипломдарға ие болды.

12.04.2019 жылы №69 ЖББ мектепте аудандық «Мағжан оқулары» байқауы өткен болатын. Осы байқаудың «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша Бас жүлде жеңіп алғаны үшін мектептің дарынды оқушысы Елубай Гүлдана жүлделі грамотамен марапатталды.

13.04.2019 жылы аудандық «Айбын» әскери патриоттық жарысында мектебіміздің 10 сынып оқушыларынан құралған команда аудандық сайыста 2 орынға қол жеткізді. Осы сайыстың «Мерген» номинациясы бойынша Есенова Алянура аудан көлемінде барша қатысушыдан озып 1 орынды жеңіп алды.

14.04.2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Победа» атты шығармашылық гимнастикадан 2 оырн жеңіп алғаны үшін Алимхан Феруза арнайы дипломмен марапатталды.

19.04.2019 жылы қалалық Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай өткізілген «Дәуірдің дара ақыны» атты байқауда прозалық шығармадан үзінді айту номинациясы бойынша «Бас жүлде» алғаны үшін Елубай Гүлдана арнайы грамотамен марапатталды.

19.04.2019 жылы аудандық «Санкт-Петербург балалар көзімен Алматы» атты сурет байқауында мектебіміздің 5 сынып оқушысы Орманова Саруар 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

27.04.2019 жылы «Тафиса Қазақстан» - спорт бәріне атты фестивалі аясында өткен аудандық футбол сайысында командалық үздік ойын көрсетіп 3 орынды жеңіп алғаны үшін мектебіміздің 7 сынып оқушыларынан құралған құрама командасы грамотамен марапатталды.

08.05.2019 жылы қалалық Мағжан оқуларының «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша Елубай Гүлдана 1 орынды жеңіп алды.

10.05.2019 жылы қалалық «Наурыз бояуы» атты сурет шығармашылығында 3 дәрежелі диплом иегері атанған Жанибекова Лайла, 2 дәрежелі: Серікбол Меруерт арнайы дипломмен марапатталды.

 

 

 

Орындаған: Ербошаев Е.Б.