Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бастауыш сыныптар бірлестігі
11
мамыр
2015

Бастауыш сыныптар бірлестігі

Бастауыш сыныптар  бірлестігі

Абилдаева Айгүл Бөлкенбайқызы


Айгүл Бөлкенбайқызы 2004 жылдан бері №40 мектепте бастауыш сыныптарының мұғалімі болып қызмет етіп келеді. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде жақсы қырынан көрініп, өзін шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз ретінде көрсете білді. Ол – оқушыға терең білім мен тәрбие бере отырып, жеке тұлға қалыптастыруды өзінің ұстаздық мұраты деп біледі. Бастауыш сыныптарда оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық ашу және сабақ барысында алған білімдерін практикада пайдалану дағдыларын қалыптастыру үшін жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі ерекше екенін үнемі есте ұстайды.
Соның айғағы «Қош бол, сүйікті әліппем!», «Алтын күз», «Қыз сыны», «Тілім – менің айбыным» т.б. мерекелік шаралары жоғары дәрежеде өтті, олардың сценарийлерін өзі жазады. Оқу-тәрбие саласында жас жеткіншектерді әдептілікке, мәдениеттілікке, адамгершілікке баулу ісіне жауапкершілікпен қарайды. Еңбегінің жемісінің іргелілігі шәкіртерінің мектепті қалай бітіргенінен де көрінбек.
Айгүл Бөлкенбайқызыбалаларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, білімге құштарлыққа, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу жолында көп ізденеді. Шәкірттерінің сахнада өздерін ұстай білулері, өлеңдерді мәнерлеп оқулары, рөлдерде шебер ойнай білулері – Алдыоңғарова Сайрагүлдің балалардың мінез-құлықтарын, ерекшеліктерін жете біліп, зерттеп, әр баланың бойыңдағы ерекше қабілеттерін ескере отырып, олармен тіл табысып, жұмыс істей алатындығының жемісі. Ұстаздың оқушылары біліммен қатар өнер, спорт салаларында да ерекше дарындылықтарымен көзге түсіп, жеңімпаз атанып жүр.