Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматының көрікті жерлеріне саяхат
19
қыркүйек
2019

Алматының көрікті жерлеріне саяхат

Мұражайға саяхат


 19 қыркүйек күні ауданның 90 оқушысын қаламыздың көрнекті жерлерімен таныстыру мақсатында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен Алматы қаласы Білім басқармасының жоспарлары негізінде экскурсияға барған болатынбыз. Саяхат барысында 2012 жылы Дінмұхаммед Ахмедұлының туғанына 100 жыл толуына орай көрнекті мемлекет және қоғамдық-саяси қайраткер, ҚазССР Компартиясы Орталық Комитетін 20 жыл басқарған, дипломат, академик, Қазақ елінің дамуына үлес қосқан тұлғаны ұмытпау мақсатында ашылған Д.А.Қонаевтың мемориялдық музей-пәтеріне оқушылармен экскурсия жасадық. Бұл мұражайда Республиканың Бірінші хатшысының жұмым бөлмесі жасалған, наградаларының коллекциясы, ұлттық және жұмыс костюмдері, қару-жарақтарының бір бөлігі көрмеге қойылған екен. Мен өзім қаламыздың қаншама көрнекті жерлеріне барғаныммен бұл Ел ағамыздың осы пәтер-мұражайына алғаш келуім. Осы мұражайдан өзім де және оқушыларда өздеріне көптеген қызықты ақпараттар алды деп ойлаймын. Егер қызығушылық танытсаңыздар мұражай-пәтердің мекенжайын жазайын: Алматы қаласы, Төлебаев көшесі, 117, Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы.





Орын:Ербошаев Е.Б.