«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ!» » Школа №40
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ!»
23
сентябрь
2019

«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ!»

 №40 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ!» АТТЫ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ

2019-2020 ОҚУ-ЖЫЛЫ.

 

 

 


Қайырымдылық іс - адамзаттың қоршаған

ортасына тигізетін мейрімі болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі №3-15-3/2317-И хатын орындау мақсатында 5 шілдесінен бастап 30 қыркүйек аралығында жаңа оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекке балалардың мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке!» ұранымен Акцияны өткізу туралы Алматы қаласы Білім басқармасының 05.07.2019 жылдағы №03-3-4/619 хатына сәйкес №40 ЖББ мектеп әкімшілігі «Мектепке жол» атты қайрымдылық іс-шарасын жүйелі түрде өткізіп келеді. Акцияға байланысты мектеп бойынша «Мектепке барар жол» акциясын өткізу туралы жоспар бекітілді.

Бұл қайрымдылық шараның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмай қалған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.

«Жүректен жүрекке!» деген ұранымен басталған Акцияны өткізу туралы Алматы қаласы Білім басқармасының 05.07.2019 жылдағы №03-3-4/619 хатына сәйкес №40 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры» қаражатынан мектебімізден көмек алатын жағдайы төмен отбасы санатына кіретін 35 оқушыға мектеп формасын алуға жалпы ата-аналардың шотына 603 000 тг «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры» қаражатынан қаржылай көмек аударудан бастады.

Тамыз айының 12-22 күндері аралығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Алматы қаласы, Бостандық ауданы «Орбита» мешітінің қолдауымен Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай және «Мектепке жол» акция аясында қайрымдылық шаралары өтті.

Бұл шаралар аясында мектептің әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының 10 баласына оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкелері табысталды және бұл отбасылардан бөлек мектебіміздің көмекке мұхтаж 6 отбасыға Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай «Құрбан айт құтты болсын» айттық сыйлық үлестірілді.

Тамыздың 14 күні акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалында аудандағы жағдайы төмен отбасындағы және көп балалы отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетілді. Акцияға 100 ден астам балалар қамтылды.

Оның ішінде №40 жалпы білім беретін мектептің 4 оқушысы мектепке киетін мектеп формасына ие болды.

Тамыздың 16 күні қала тұрғындарының дәстүрлі демалыс орнына айналып отырған «Атакент» сауда орталығында болған қайрымдылық іс - шарасында мектептің 3 оқушысына мектеп сөмкелері табысталды.

Тамыздың 22 күні акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалында мектептің  жағдайы төмен отбасындағы және көп балалы отбасынан шыққан 9 балаға оқуға қажетті құрал - жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкелері табысталды.

Тамыздың 23 күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы әкімі аппаратының, Халық банк акционерлік қоғамының, «Алмалы» сауда орталығының демеушілігімен «Мектепке жол» атты республикалық акциясының медиа-жоспарына сәйкес мектебіміздің әл ауқаты төмен және көп балалы отбасынан шыққан 7 балаға көмек ретінде оқуға арналған мектеп сөмкелері мен сабақта қолданатын дәптер, кітаптар табыс етті.

Тамыздың 27 күні акциясы аясында Бостандық аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №38 мектеп - гимназияның қабырғасында өткен қайрымдылық шараға  мектептің  жағдайы төмен отбасынан шыққан 2 балаға мектеп сөмкелері табысталды.

28 тамыз күні Алматы қаласы «Мега» Сауда Орталығы алаңында жағдайы төмен отбасы балаларына, жалпы саны 100 оқушыға, оның ішінде №40 жалпы білім беретін мектептің 14 оқушысына көмек ретінде оқуға арналған мектеп сөмкелері мен кітаптар табыс етілді.

Осы акция аясында мектебіміздің 70-ке жуық оқушы мектеп сөмкелерімен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

 


№40 жалпы білім беретін мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ербошаев Ермек Бақытбекұлы

 


№40 жалпы білім беретін мектептің әлеуметтік педагогі

Ілес Арайлым Қынабекқызы