Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АУДАНДЫҚ "МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ"
28
ақпан
2017

АУДАНДЫҚ "МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ"

28 ақпан күні,  мектепте ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған аудандық М. Мақатаев оқуларын өткізді. Аудандық кезеңге 67 оқушы қатысты. Шараға фотослайд, библиографиялық шолу, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Байқау барысында ақынның өлеңдері мен поэмалары оқылды. Сонымен қатар байқауға қатысушылар М. Мақатаевқа арналған өз шығармаларын оқыды. Аудандық Мұқағали оқуларының бастымақсаты мен міндеттері: аудандық жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында М. Мақатаевтың шығармаларын насихаттау; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи дарындарын анықтау. Оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой- пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту; Жас ақындарға қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру. Жыл өткен сайын байқауға қатысушылардың дайындық деңгейі өсіп отырғанын байқауға болады.

Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздары: 

Байқауға қатысушы оқушының аты-жөні

Мектеп №

сыныбы

орын

1.       

Жайырова Нұрила

Мектеп-гимназия №140

9

Гран-при

2.       

Жұмаділ Нұрәділ

Гимназия138

10

1

3.       

Ильясова Айым

Жалпы білім беретін мектеп №145

7

2

4.       

Елубай Гүлдана

Жалпы білім беретін мектеп №40

8

2

5.       

Бейсенова Асель

Жалпы білім беретін мектеп №63

7

3

6.       

Мичкасов     Алексей

Мектеп-гимназия №51

10

3

7.       

Алмасқызы Әдемі

Мектеп-лицей № 92

7

3

Байқауға қатысушы оқушыларды жақсы дайындағандары үшін мұғалімдерге алғыс білдіреміз.



Орын. Ербошаев Е.Б.